Алтай Көлгінов елорданы цифрлау туралы айтты
Интеллектуал камераларды орнатудың арқасында көшелердегі жол-көлік оқиғалары 40 пайызға, өлім саны екі есеге азайды. Жол қозғалысының өкілдері тәртіпті бола бастады. Нұр-Сұлтан қаласының интеллектуал көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға ие болды. Тұрғындардың өтініші бойынша қала аулаларының қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырылуда. Орнатылған камералар ұрлық, өзгенің мүлкіне қол сұғу сияқты және басқа да қылмыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімі қала әкімдігінің 159 мемлекеттік қызмет көрсететінін, оның 100% электронды форматқа көшкенін атап өтті. Онда адами фактор толықтай жойылған сайын жемқорлық тәуекелі де төмендейді. Бұл ретте сонымен қатар - «iQala» орталығы, тұрғын үй орталығы және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы сияқты елордалық әлеуметтік нысандар да көмек көрсетеді. Аталған орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі цифрлық технологияларды енгізу және жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.
--> «Пандемия бізге цифрлық технологияларды өмірлік маңызы бар барлық салаға енгізуге мән беру керегін көрсетті. Мысалы, бізде денсаулық паспортында 100% цифровизация, медициналық анықтама берудің легитимділігін тексеру үшін ақпараттық сервис әзірленді. Берілген анықтамаға QR-код қондырылған, яғни сканерлеу арқылы оның растығын тексеруге болады. Бұдан бөлек, ата-аналар мен жеткізушілердің өтінішімен мектептердегі тамақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу автоматтандырылды. Сондай-ақ, автобустар жүйесі 100% электронды төлеммен жарақтанды. Бұл - көлеңкелі айналымнан 40% қаржыны алып шығуға мүмкіндік берді. Пандемия кезінде жүргізушімен байланыс төмендетілді. Бұдан бөлек, инженерлік/қалалық желілерге және т.б. цифрлау жүргіземіз. Бұл желілердегі жүктемені көруге, қай жерде ауыстыру немесе қуатын күшейту керектігін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаланың цифрлық бас жоспары сияқты жобаларды жүзеге асыру қала құрылысының процесін болжауға және модельдеуге, қай ауданды ауруханамен, мектеппен, балабақшамен қамтамасыз ету қажеттігі туралы ақпаратты және жобаланған жол желілерінің жағдайын көруге мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.Интеллектуал камераларды орнатудың арқасында көшелердегі жол-көлік оқиғалары 40 пайызға, өлім саны екі есеге азайды. Жол қозғалысының өкілдері тәртіпті бола бастады. Нұр-Сұлтан қаласының интеллектуал көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға ие болды. Тұрғындардың өтініші бойынша қала аулаларының қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырылуда. Орнатылған камералар ұрлық, өзгенің мүлкіне қол сұғу сияқты және басқа да қылмыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімі қала әкімдігінің 159 мемлекеттік қызмет көрсететінін, оның 100% электронды форматқа көшкенін атап өтті. Онда адами фактор толықтай жойылған сайын жемқорлық тәуекелі де төмендейді. Бұл ретте сонымен қатар - «iQala» орталығы, тұрғын үй орталығы және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы сияқты елордалық әлеуметтік нысандар да көмек көрсетеді. Аталған орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі цифрлық технологияларды енгізу және жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.