Елордада 300 шақырым газ желісі жүргізілді – Көлгінов
Сөз арасында бүгінге дейін қанша шақырым газ желісі жүргізілгенін, қай аудандарда қарқынды орнатылғанын мәлім етті. «Қазір 300 шақырым газ желісі жүргізілді. Қазіргі уақытта Көктал 1, 2-де немесе Агроқалашықта газдарды іске қосу жүргізіліп жатыр. Ал Алматы ауданында, теміржол станциясының қасында және Өндіріс тұрғын үй алабында жұмыстар аяқталды. Ар жақта Күйгенжар, Интернационал секілді шағын аудандарда «ҚазТрансГазАймақ» газдандыру жұмысын қарқынды жүргізуде. Бұл жұмыс биыл да жалғасатын болады. ТЭЦ-1, ТЭЦ-2-де төрт су жылыту қазандығы газға көшті. Қалғаны алдағы жылыту маусымында газға көшіріледі. Газдандыру жұмысы 2023 жылға дейін жалғасады», - дейді әкім. Ол сөзін жалғай отырып, тұрғындардың өтініші негізінде мердігер мекемелермен газға қосу жұмысының құнын төмендеткенін айтып өтті. «Бұрын 250 мың теңге болса, қазір 150 мың теңгеге дейін азайды. Ал тиісті құрал-жабдықтарын тұрғындар өздері сатып алуы керек. Газдың есептеуіш құралын есігіне дейін жеткізу – біздің жұмыс», - дейді Алтай Көлгінов.
--> «Елордаға газ жеткізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Күн суыған кезде әрі жел жоқ кезде жеке секторларда үйлер көмірмен жылытылғанда немесе ТЭЦ-те жылу жүйелері толық жұмыс істегенде қаланы түтін басып тұрады. Бұл адам денсаулығына зиян. Ал газдандыру мәселесі осы қиындықты шешетін болады. Қазір бұл жұмыс әсіресе жеке секторларда белсенді жүргізіліп жатыр", - деді А.Көлгінов.Сөз арасында бүгінге дейін қанша шақырым газ желісі жүргізілгенін, қай аудандарда қарқынды орнатылғанын мәлім етті. «Қазір 300 шақырым газ желісі жүргізілді. Қазіргі уақытта Көктал 1, 2-де немесе Агроқалашықта газдарды іске қосу жүргізіліп жатыр. Ал Алматы ауданында, теміржол станциясының қасында және Өндіріс тұрғын үй алабында жұмыстар аяқталды. Ар жақта Күйгенжар, Интернационал секілді шағын аудандарда «ҚазТрансГазАймақ» газдандыру жұмысын қарқынды жүргізуде. Бұл жұмыс биыл да жалғасатын болады. ТЭЦ-1, ТЭЦ-2-де төрт су жылыту қазандығы газға көшті. Қалғаны алдағы жылыту маусымында газға көшіріледі. Газдандыру жұмысы 2023 жылға дейін жалғасады», - дейді әкім. Ол сөзін жалғай отырып, тұрғындардың өтініші негізінде мердігер мекемелермен газға қосу жұмысының құнын төмендеткенін айтып өтті. «Бұрын 250 мың теңге болса, қазір 150 мың теңгеге дейін азайды. Ал тиісті құрал-жабдықтарын тұрғындар өздері сатып алуы керек. Газдың есептеуіш құралын есігіне дейін жеткізу – біздің жұмыс», - дейді Алтай Көлгінов.