Елордада алдағы 5 жылда 50 мектеп салынады – Алтай Көлгінов
Сонымен қатар ол 2019 жылы 6 мектептің құрылысы аяқталғанын, ал 2020 жылы оның екі есеге көбейтілгенін атап өтті. «Бірақ бұл да жеткіліксіз. Себебі бізде үш ауысымды және нормадан тыс көп балалар оқитын мектептер бар. Әрине, бұл білім сапасына өз әсерін тигізбей қоймайды. 2020 жылы үш ауысымды мектептер саны 8-ден 4-ке, яғни екі есеге азайтылды. Сол сияқты нормадан тыс балалар көп оқитын мектептер саны 22-ден 14-ке азайтылды. Егер осы жерден тоқтап қалсақ, бұл мектептердің барлығы қайтадан үш ауысымға көшетін түрі бар. Сондықтан биыл 15 мектептің құрылысын жүргізудеміз. Ол екі ауысымда 40 мың орынды қамтитын болады. Ал алдағы 5 жылда 50 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс бақылауымызда тұр», – деді Алтай Көлгінов.
--> «Елордада тұрғындар саны жылдан-жылға артуда. 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда тұрғындар саны қазір екі есеге өсті. Мысалы, 10 жыл бұрын қала тұрғындарының саны 650 мыңнан аса болса, қазір 1 млн 200 мыңға жетті. Бұл – әлеуметтік нысандарға деген үлкен салмақ. Бірінші кезекте мектептерге. Себебі бала саны көбеюде. 10 жыл бұрын мектеп оқушыларының саны 73 мыңға жуық болса, 2020 жылы 190 мыңнан асып кетті. Бұл өз кезегінде мектептерге де, мұғалімдерге де едәуір салмақ салуда. Сол үшін жыл сайын кемінде 10 мектептен салынуы керек», – деді елорда әкімі.Сонымен қатар ол 2019 жылы 6 мектептің құрылысы аяқталғанын, ал 2020 жылы оның екі есеге көбейтілгенін атап өтті. «Бірақ бұл да жеткіліксіз. Себебі бізде үш ауысымды және нормадан тыс көп балалар оқитын мектептер бар. Әрине, бұл білім сапасына өз әсерін тигізбей қоймайды. 2020 жылы үш ауысымды мектептер саны 8-ден 4-ке, яғни екі есеге азайтылды. Сол сияқты нормадан тыс балалар көп оқитын мектептер саны 22-ден 14-ке азайтылды. Егер осы жерден тоқтап қалсақ, бұл мектептердің барлығы қайтадан үш ауысымға көшетін түрі бар. Сондықтан биыл 15 мектептің құрылысын жүргізудеміз. Ол екі ауысымда 40 мың орынды қамтитын болады. Ал алдағы 5 жылда 50 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс бақылауымызда тұр», – деді Алтай Көлгінов.