Көлгінов: Былтыр 3 млн шаршы метрден астам баспана салынды
«Елордамыздың ең үлкен драйверінің бірі – құрылыс саласы. Пандемия кезіндегі шектеулерге қарамастан дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде тұрғын үйді іске қосу – 3 млн шаршы метрден асты. Егер салыстырмалы түрде айтсақ, 2019 жылмен салыстырғанда 1,3 млн шаршы метрге көп. Бұл әрине экономикамызға оң әсерін тигізді. Салық төленді, көптеген азамат жұмыс тапты. Нәтижесінде мыңдаған тұрғынымыз баспаналы болды», - дейді елорда әкімі.
Сөзін жалғай отырып, инвестиция көлемін айта келе оны 2019 жылмен салыстырып өтті. «Инвестиция осыған сәйкес 1 трлн 100 млрд теңгеден асты. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артық немесе 21 пайызға көп. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары да 574 млрд теңгені құрады», - дейді әкім.
--> «Елордамыздың ең үлкен драйверінің бірі – құрылыс саласы. Пандемия кезіндегі шектеулерге қарамастан дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде тұрғын үйді іске қосу – 3 млн шаршы метрден асты. Егер салыстырмалы түрде айтсақ, 2019 жылмен салыстырғанда 1,3 млн шаршы метрге көп. Бұл әрине экономикамызға оң әсерін тигізді. Салық төленді, көптеген азамат жұмыс тапты. Нәтижесінде мыңдаған тұрғынымыз баспаналы болды», - дейді елорда әкімі.Сөзін жалғай отырып, инвестиция көлемін айта келе оны 2019 жылмен салыстырып өтті. «Инвестиция осыған сәйкес 1 трлн 100 млрд теңгеден асты. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артық немесе 21 пайызға көп. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары да 574 млрд теңгені құрады», - дейді әкім.