Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы ел руханиятының көш басында тұр - Несіпбек Айтұлы

"Нұр-Сұлтан қаласы ел руханиятының көш басында тұр деп айтуға болады. Барлық өңір елордаға қарап бой түзейді. Осы тұрғыдан алғанда қалалық әкімдіктің руханият саласында атқарған жұмыстарына көңілім толады. Былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Енді биыл Тәуелсіздіктің отыз жылдығын жан-тәнімізбен насихаттауымыз қажет. Бұрынғыдай ат шаптырып, аста-төк той жасаудың керегі болмас. Жас ұрпақтың санасына азаттық деген қасиетті ұғымды сіңіре білуіміз керек. Қазір тәуелсіздіктің қадірін білмей, шетелге кетіп жатқан жастар көбейді. Сондықтан Тәуелсіздікті алақанымызға салып, төбемізге көтере жырлауымыз қажет. Осы бағытта биыл да республикалық жыр мүшәйрасын өткіземіз. Жамбыл атамыздың да тойы келе жатыр, ұлы жырау да кеңірек дәріптелгені жөн. Атақты палуан Қажымұқанның мерейтойы да жоғары деңгейде ұйымдастырылса деймін. Бас шаһардан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнататын кез келді", - деді Несіпбек Айтұлы. --> "Нұр-Сұлтан қаласы ел руханиятының көш басында тұр деп айтуға болады. Барлық өңір елордаға қарап бой түзейді. Осы тұрғыдан алғанда қалалық әкімдіктің руханият саласында атқарған жұмыстарына көңілім толады. Былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Енді биыл Тәуелсіздіктің отыз жылдығын жан-тәнімізбен насихаттауымыз қажет. Бұрынғыдай ат шаптырып, аста-төк той жасаудың керегі болмас. Жас ұрпақтың санасына азаттық деген қасиетті ұғымды сіңіре білуіміз керек. Қазір тәуелсіздіктің қадірін білмей, шетелге кетіп жатқан жастар көбейді. Сондықтан Тәуелсіздікті алақанымызға салып, төбемізге көтере жырлауымыз қажет. Осы бағытта биыл да республикалық жыр мүшәйрасын өткіземіз. Жамбыл атамыздың да тойы келе жатыр, ұлы жырау да кеңірек дәріптелгені жөн. Атақты палуан Қажымұқанның мерейтойы да жоғары деңгейде ұйымдастырылса деймін. Бас шаһардан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнататын кез келді", - деді Несіпбек Айтұлы.