Елордада Кәміл Моллашевтың жеке көрмесі өтеді
Кеш барысында автограф-сессия өтеді. К.Моллашевтің каталогы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан. Көрмеде суретшінің 1974-2017 жылдар аралығында жарық көрген 30-ға жуық жұмысы ұсынылады. Жанр, стиль тұрғысынан сан алуан туындылар шебердің дарынын айшықтап, «Кәміл Моллашевтің өнер әлемін» ашады. Көрме Елбасы кітапханасының танымал авторлардың шығармашылығын ретроспективті түрде көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» атты жаңа ғылыми-экспозициялық серіктестік жобасының жұмысын ашады. Қазіргі заманғы өнер туындылары егемен Қазақстанның даму шындығының көрінісі болып табылады, уақыттың ерекше рухын көтереді. Танымал авторлардың жұмыстары уақыт сынынан өткен және оларды елдің күнделікті шығармашылық өмірінің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бүгінде Елбасы кітапханасының мемлекеттік сақтауында тұрған К.Моллашевтің бірқатар жұмысы музей жинағының мақтанышына айналған. Көрме 2021 жылдың 27 ақпанына дейін жалғасады.
-->Кеш барысында автограф-сессия өтеді. К.Моллашевтің каталогы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан. Көрмеде суретшінің 1974-2017 жылдар аралығында жарық көрген 30-ға жуық жұмысы ұсынылады. Жанр, стиль тұрғысынан сан алуан туындылар шебердің дарынын айшықтап, «Кәміл Моллашевтің өнер әлемін» ашады. Көрме Елбасы кітапханасының танымал авторлардың шығармашылығын ретроспективті түрде көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» атты жаңа ғылыми-экспозициялық серіктестік жобасының жұмысын ашады. Қазіргі заманғы өнер туындылары егемен Қазақстанның даму шындығының көрінісі болып табылады, уақыттың ерекше рухын көтереді. Танымал авторлардың жұмыстары уақыт сынынан өткен және оларды елдің күнделікті шығармашылық өмірінің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бүгінде Елбасы кітапханасының мемлекеттік сақтауында тұрған К.Моллашевтің бірқатар жұмысы музей жинағының мақтанышына айналған. Көрме 2021 жылдың 27 ақпанына дейін жалғасады.