Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қанша адамның вакцинадан бас тартқанын айтты
«Әзірге вакцина қабылдап жатқандар арасында кері реакция алғандар болған жоқ. Ал вакцинадан кейінгі кешкілік уақытта әлсіздік туындаса, оны кері реакция деп қабылдауға болмайды. Ол қалыпты жағдай. Мысалы, менде вакцина қабылдаған алғашқы күні аздап әлсіздік болды. Бірақ ол келесі күні өз бетінше кетіп қалды. Жалпы, қазіргі уақытта вакцина тек медицина қызметкерлеріне ғана жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 719 адам екпе алса, әзірге 5 адам саналы түрде бас тартып, уақытша екпе алмай тұра тұру жөнінде шешім қабылдады», - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, осы айда елордалық медицина қызметкерлеріне вакцинаның 2 030 дозасы егіледі.
--> «Әзірге вакцина қабылдап жатқандар арасында кері реакция алғандар болған жоқ. Ал вакцинадан кейінгі кешкілік уақытта әлсіздік туындаса, оны кері реакция деп қабылдауға болмайды. Ол қалыпты жағдай. Мысалы, менде вакцина қабылдаған алғашқы күні аздап әлсіздік болды. Бірақ ол келесі күні өз бетінше кетіп қалды. Жалпы, қазіргі уақытта вакцина тек медицина қызметкерлеріне ғана жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 719 адам екпе алса, әзірге 5 адам саналы түрде бас тартып, уақытша екпе алмай тұра тұру жөнінде шешім қабылдады», - деді басқарма басшысы.Оның айтуынша, осы айда елордалық медицина қызметкерлеріне вакцинаның 2 030 дозасы егіледі.