Елорда жаңалықтары

Әртістердің тоғыз дебюті Алтынай Асылмұратованың жаңа гала-бағдарламасында өтеді

Еске салар болсақ, тартымды 6 бағдарламадан тұратын гала-балеттердің бірінші сериясы театрда 8-маусымның басында өткен еді, жарқын әрі есте қаларлық галаның екінші бөлігі ақпан айында басталып, театр маусымының соңына дейін жалғаспақ. «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова асқақ өнерді бағалаушы жандарға әртістердің жаңа есімдерін паш етіп, классикалық әрі ұлттық нөмірлермен керемет үйлесетін әлемдік заманауи хореография жауһарларын таныстырады. Алтынай Асылмұратова негізгі басымдықты жас солистерге берген. Осылайша, Й.Байердің «Қуыршақтар перісі» балетінен трионы дебютанттар Нұрай Нұрсафина, Диас Құрманғазы, Жансерік Ахметов ұсынады. Анастасия Заклинская мен Олжас Тарланов П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетіндегі Па-де-демен сахна төріне алғаш рет шығады. Балетқұмар жандардың махаббатына ие болған, болашағынан зор үміт күттіретін Шұғыла Әдепхан А.Хачатурянның «Спартак» балетіндегі Фригияның рөлінде дебют жасайды. Бұдан бөлек, әртіс өзінің әріптесі Серік Нақыспековпен бірге алғаш рет Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінен Па-де-де орындайды. Елордалық труппаның прима-балеринасы Әйгерім Бекетаева премьер Бақтияр Адамжанмен жұптасып, Р.Дригоның «Талисман» балетінен Па-де-деде дебют жасайды. - «Спартак» балетінен адажиоға былтыр дайындалған едім, алайда маған Фригия эмоционалдық тұрғыдан күрделі партия және оны орындау үшін әлі де «пісіп-жетілуім» керек екенін айтқан. Махаббатты тұла бойыңмен сезініп, оның сан қырын жеткізе білу өте маңызды. Биыл осы бейнені сахнаға алып шығуды маған сеніп тапсырды, бұл үшін Алтынай Абдуахимқызына алғысым шексіз. Онымен бірге жұмыс істеу – үлкен мектеп, ол іс жүзінде барлық әлемдік репертуарды орындаған. Оның тәжірибесін қабылдау – зор мүмкіндік, жұлдызымның жанғаны, - деп бөлісті Шұғыла Әдепхан. - Екі дебютте керемет биші – труппамыздың жетекші солисі, осынау ауқымды балеттерді бірнеше рет орындаған Серік Нақыспеков маған серік болады. Бірінші кейіпкер Фригия туралы айтар болсақ, ол менің жаныма, көңіл-күйіме жақын, себебі мен лирикалық партияларды жақсы көремін. Екінші қаһарманым – «Дон Кихот» балетіндегі Китри. Аталмыш балеттегі Па-де-дені орындайтыным мен үшін тосын жаңалық болды, себебі бұл айтарлықтай күрделі партия деп есептейтінмін, оны «нағыз балериналарға арналған» деп атайды, яғни қалыптасып үлгерген әртістерге береді. Бұл кейіпкерді сахнада үлкен талғаммен көрсетіп, өз тәжірибеңді, техникалық және актерлік шеберлігіңді паш ету керек. Дайындық барысында оны игере алатынымды түсіндім, бұл кейіпкер маған өте ұнайды, ол менің бұдан бұрын ойнаған бірде-бір кейіпкеріме ұқсамайды. Жалпы алғанда, кейіпкердің мінез-құлқын сезіну, бидің өзін тереңірек түсіну әрі кейіннен қойылымды толыққанды жүргізу үшін партиялармен танысуды дәл осы гала-бағдарламалардан бастау өте маңызды деп есептеймін, - деп қорытындылады Шұғыла Әдепхан. 20 және 23 ақпанда гала-бағдарламаның бірінші бөлімдеріне енген қызықты хореографиялық нөмірлерден бөлек, көрермен назарына Раймондо Ребектің хореографиясындағы «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» (20 ақпан) және Михаил Фокиннің хореографиясындағы «Шехеразада» (23 ақпан) бір актілі балеттері ұсынылады. Гала-балеттерге Гаухар Усина, Әнел Рүстемова, Рүстем Сейітбеков, Арман Уразов, Еркін Рахматуллаев, Олжас Маханбетәлиев, Жәнібек Иманқұлов, Марико Китамура, Ильдар Шакирзянов, Еркежан Жүнісова, Сұлтанбек Ғұмар, Далер Запаров, Айбар Тоқтар, Назира Заетова және т.б. қатысады. «Астана Опера» симфониялық оркестрі дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен өнер көрсетеді.

-->