Елорда жаңалықтары

Қазақстанда қалдық өңдеу көлемі 18 пайызға жетті

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидасы жүзеге асырылуда. ӨКМ Операторының негізгі міндеті – қалдықтарды жинайтын, оны қайта өңдеп кәдеге жарататын кәсіпорындарға субсидия беру. Яғни өңдеуші саланы дамытып, экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету. Бастапқыда ӨКМ қағидасы автокөлік пен оларың компоненттеріне, яғни май, шина, антифриз қалдықтарын өндірушілер мен импорттаушыларға қайта өңдеу төлемі енгізілді. Автокомпонент қалдығын қайта өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен жұмыс істеу қолға алынды. Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы іске қосылды. [caption id="attachment_62919" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] Елімізде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қағидасы енгізілмей тұрғанда қалдықты қайта өңдеу көлемі 2,6% болса, ӨКМ енгізілгеннен кейін оның деңгейі бүгінгі таңда 18,6% жетті. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткішін кемінде 40% жеткізу межесі қойылып отыр. «Оператордың 5 жыл ішінде атқарған нәтижелі қызметінің бірі – көлік құралдарын қайта өңдеу саласын жаңадан құруы. 2017 жылы Қарағанды облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары технологиялы зауыт салынды. Жаңа технологияларды қолдану арқылы істен шыққан көлік құралдарын 90 пайызға дейін кәдеге жаратуға жол ашылды. Ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы (құнын төлеу және жеңілдік сертификаты) жүзеге асырылды. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері, яғни 2016-2020 жылдары 164 927 істен шыққан көлік қабылданды. Соның 144 645- і Қарағандыдағы зауытта қайта өңделді. Жеңілдік сертификаты бағдарламасы аясында 54 634 көлік жеңілдік сертификаты бойынша тапсырылды. Нәтижесінде отандық автоөндірушіден 27 мың су жаңа автокөлік сатып алынды. 110 293 көлік ақшалай өтемақы бағдарламасы бойынша өткізілді. Ескі көлігін қайта өңдеуге тапсырған қазақстандықтарға 4 жыл ішінде 18,4 млрд теңге қаражат төленді», - деді "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев. Өңдеуші салаға қаржылай қолдау көрсетілді Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қағидасы аясында қаптама қалдығы мен автокомпонет қалдықтарын жинайтын, қайта өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындар қаржылай қолдауға ие болды. Бес жыл ішінде өңделген қалдық көлемі 6 есеге дейін ұлғайды. «Мысалы, оператордың қолдауымен 102 743 тоннадан аса шина қалдығы кәдеге жаратылды. 91 713 тонна пайдаланылған аккумуляторлар қайта өңдеуге жіберілді. Сондай-ақ  52 664 тонна пайдаланылған көлік майы қайта өңделді. ӨКМ Операторының қолдауымен 2017-2020 жылдары 215 243 тонна қаптама қалдығы қайта өңделді. Оның ішінде 28 251 тонна пластмаса қалдығы,  116 499 тонна қағаз қаптама қалдығы, 62 065 тонна шыны қалдығы және 7 956 тонна шыны ыдыс,  473 тонна металл қаптама қалдығы, 7 127 тонна электронды қалдықтар жиналды және қайта өңделді. Осы іспен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындарға ӨКМ Операторы 14,7 млрд теңге қаржы төледі», - деді "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы. [caption id="attachment_62925" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] 2021 жылы бірнеше қала қалдықты сұрыптауға көшеді Медет Құмарғалиевтің айтуынша, биыл Семей, Өскемен және Ақтөбе қалаларында заманауи сұрыптау желісін іске қосу жоспарланып отыр. «Бұл қалаларға қоқыс таситын көліктер сатып алу, қалдықты бөлек тастауға арналған контейнерлер орнатуға қатысты негізгі жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта  Шығыс Қазақстанда қалдықты үш фракцияда жинау жүзеге асырылатын болады.  «Жеңіл» қайта өңделетін қайталама шикізат (пластик, қағаз, металл), «ауыр» - бұл шыны және «дымқыл» қайта өңделмейтін қалдықтар (тамақ қалдықтары және т.б.) Аталған жобаны жүзеге асыруға 3,9 млрд теңге шамасында қаражат бөлінді», - деді ол. Оның сөзінше, ӨКМ Операторы Өскемен қаласы үшін макулатура мен пластикті бөлек жинауға арналған сары түсті 760 пластик контейнер мен шыны қалдықтарына арналған қоңырау үлгісіндегі 514 көк түсті контейнерді сатып алып, әкімдікке тапсырады. Ал Семейде қайталама шикізатты жинауға арналған 1 050 торлы және шыны ыдысқа арналған 532 контейнер орнату жоспарлануда. Сонымен қатар ӨКМ Операторы Шығыс Қазақстанның екі қаласы үшін 12 бірлік арнайы техниканы сатып алуға қаржы бөлмек. Семей мен Өскемен қаласында ҚТҚ бөлек жинаудың инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша 2021 жылы жалпы өндірістік қуаты жылына 200 000 тонна ҚТҚ сұрыптайын екі жаңа қоқыс сұрыптау желісі іске қосылмақ. Қазіргі уақытта ӨКМ Операторы қажетті өндірістік жабдықтарды сатып алу рәсімін жүргізуде. Жол картасы аясында Ақтөбе қаласында тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқарудың материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары да қолға алынуда. Атап айтқанда, биыл Ақтөбе қаласын тұрмыстық қалдықты сұрыптап тастауға арналған 962 пластик контейнер және қалдық таситын 6 арнайы техникамен  қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар аймақта қалдық сұрыптайтын желіні іске қосу көзделген. «Айта кету керек, Іле-Алатау ұлттық паркінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесі іске қосылды. Іле-Алатау паркі қалдықты  бөлек жинаудың инфрақұрылымы толыққанды ұйымдастырған еліміздегі алғашқы ұлттық парк болып отыр. Парк аумағында барлығы 30-дан аса жаңа қалдық алаңдары орнатылып, оған 225 контейнер сатып алынды. 135 контейнер қайталама шикізатты жинауға арналса,  қалған 90 «жасыл» тамақ қалдықтарын қабылдауға қойылды. ӨКМ Операторы парк аумағына орналастырған контейнерлерді сатып алуға 33 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Сондай-ақ арнайы техниканың 2 бірлігін сатып алуға 110 млн теңгеден аса қаражат жұмсады. 2030 жылға дейін Іле-Алатау паркі аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейін 85 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр», - деді Құмарғалиев. «EcoQoldaý» жобасы жүзеге асырылуда Қалдық өңдеу ісін тартымды әрі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Eсoqoldaý» жаңа жобасын жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, әрбір аймақтағы қалдық жинаушы мен қайта өңдеуші кәсіпорындарға қаржылай қолдаудың мүмкіндігі ұлғаяды. Ең бастысы сала қатысушыларына қойылатын талап-тілектер (құжат жинау) жеңілдетіледі. Осылайша, қалдық өңдеу саласын қаржылай ынталандыру арқылы әрбір өңірдің экологиялық және экономикалық даму мәселесі шешімін табады. «Eсoqoldaý» жобасы аясында  кез келген кәсіпкер тұрмыстық қалдықты жинау, өңдеу және тасымалдау  арқылы табыс таба алады. Жинаған қалдық түріне және көлеміне сәйкес кез келген кәсіпкер Оператордан қаражат алады. Бүгінгі таңда салаға келуші кәсіпкерлер үшін «Eсoqoldaý» платформасы жасалды. Бизнес субъектілері атқаратын қызметіне сәйкес (жинаушы, жеткізуші, өңдеуші) сол жерге тіркеліп, Операторымен келісімге отырса болғаны. «ӨКМ Операторы» ЖШС 2021-2022 жылдары қаптама қалдықтарын залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорындардың тізімі дайындалды. Қазіргі дерек бойынша тізілімге 25 кәсіпорын еніп отыр. Оның саны ұлғая береді. 2021 жылы қаптама қалдықтарын кәдеге жаратудың жалпы жоспарланған көлемі – 220 348 тонна.  Ал 2022 жылы 257 856 тонна болмақ», - деді ӨКМ операторының басшысы. Өндіруші төлейді, өңдеушіге өтемақы беріледі Биыл өңдеуші кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында оларға көрсетілетін қаржылай қолдау күшейтілді. Өндірушілер мен импорттаушылардан түсетін қаражатты өңдеуші кәсіпорындарға еселеп қайтару арқылы қайта өңдеу саласын ынталандыруға ден қойылып отыр. «Айталық, пластик шығарушы  өндірген 1 кг пластигі үшін Операторға 3,71 теңге төлейді. Осы 1 кг пластик қалдығын өңдейтін кәсіпорынға Оператор 29,55 теңге өтемақы береді. Дәл сол сияқты шыны, қағаз, металл, аралас қаптама қалдығын өңдеушілерге субсидия бірнеше есе көлемде үлестіріледі. Биылдан бастап қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлерді қолдау, ынталандыру мақсатында субсидия көлемі бірнеше есеге ұлғайып отыр. Ал өңделген шикізатын кәсіпкер кімге және қандай бағада саудалайтындығы өз еркінде. Оператордың басты мұраты – қалдықты кәдеге жарату», - деді Медет Құмарғалиев.

-->