Елорда жаңалықтары

Елордадағы ұзақ уақыт салынып жатқан нысанның құрылысы қайта жанданды

Алты жүзден астам үлескер өз пәтерін күтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, "Жағалау-4" тобының құрылысы қайта жанданды. [caption id="attachment_29036" align="alignnone" width="901"] Фото: Алтай Көлгінов/Instagram[/caption] "Жұмыстарды аяқтауға мемлекеттен қаражат бөлінді. Құрылыс соңғы төрт жылда тоқтап тұрған, себебі сот процесстері болды. Нысанда құрылысшылардың бірінші тобы жұмыс жасап жатыр. Мұнда 600-ден астам үлескер бар”, – деп жазды А. Көлгінов Instagram парақшасында. Сонымен қатар қала әкімі бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты (Е34, Е45 және Е18; Е32, Е33 және Е18 жобалық атаулары бар көшенің қиылысы). "Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Жұмысшылар мен техниканың санын көбейту қажет. Бастысы санитария нормаларын қатаң сақталу керек", – деді қала әкімі.

-->