«Бүгіннен қалдырмаңыздар» – Алтай Көлгінов Алматы ауданының әкіміне көпбалалы анаға көмектесуді тапсырды
Есеп беру жиыны кезінде сөз алған Алматы ауданының тұрғыны Айгүл Бердиева: «Мен көпбалалы анамын. 5 баламның үшеуі мектепте оқиды. Сол үш баламды үйірмелерге бергім келіп еді. Тегін үйірмелер бар ма?», - деген сұрақ қойды. Бұл ретте қала басшысы Алтай Көлгінов аудан әкіміне тиісті тапсырма берді. «Айгүл ханым, біз сіздің балаларыңызды қосымша білім беру мекемелерінде білімін жетілдіруге көмектесе аламыз. Бектенбай Тілектесұлы, Білім басқармасымен бірлесіп, көпбалалы ананың үш баласын қосымша біліммен қамту жөнінде бүгіннен ертеңге қалдырмай хабарласыңыздар. Бізде ондай мүмкіндік бар», - деді елорда әкімі. Өз кезегінде аудан басшысы бұл тапсырманы міндетті түрде бүгіннен қалдырмайтынын жеткізді.
-->Есеп беру жиыны кезінде сөз алған Алматы ауданының тұрғыны Айгүл Бердиева: «Мен көпбалалы анамын. 5 баламның үшеуі мектепте оқиды. Сол үш баламды үйірмелерге бергім келіп еді. Тегін үйірмелер бар ма?», - деген сұрақ қойды. Бұл ретте қала басшысы Алтай Көлгінов аудан әкіміне тиісті тапсырма берді. «Айгүл ханым, біз сіздің балаларыңызды қосымша білім беру мекемелерінде білімін жетілдіруге көмектесе аламыз. Бектенбай Тілектесұлы, Білім басқармасымен бірлесіп, көпбалалы ананың үш баласын қосымша біліммен қамту жөнінде бүгіннен ертеңге қалдырмай хабарласыңыздар. Бізде ондай мүмкіндік бар», - деді елорда әкімі. Өз кезегінде аудан басшысы бұл тапсырманы міндетті түрде бүгіннен қалдырмайтынын жеткізді.