Елорда жаңалықтары

Елордада тұрғын үйлерді салу үш есеге көбейтілді – Көлгінов

«Тұрғын үй – қаладағы өзекті мәселенің бірі. Қазіргі уақытта елордада 48 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Президенттің тапсырмасы бойынша қолжетімді баспана тұрғын үйлерін салуды үш есеге көбейттік. Мысалы, 2018 жылы 1 100 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер, 2020 жылы 7 000-нан аса пәтер берілді. Пәтерге ие болған азаматтардың басым көпшілігі – тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Осы ретте Республика даңғылының бойынан Тұрғын үй орталығы ашылды. Жалпы, пәтер тұрғындарға кезегі келгенде беріледі. Дегенмен қазіргі уақытта тұрғын үйге қатысты көптеген бағдарламалар бар, мүмкіндік көп», - деді ол. --> «Тұрғын үй – қаладағы өзекті мәселенің бірі. Қазіргі уақытта елордада 48 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Президенттің тапсырмасы бойынша қолжетімді баспана тұрғын үйлерін салуды үш есеге көбейттік. Мысалы, 2018 жылы 1 100 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер, 2020 жылы 7 000-нан аса пәтер берілді. Пәтерге ие болған азаматтардың басым көпшілігі – тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Осы ретте Республика даңғылының бойынан Тұрғын үй орталығы ашылды. Жалпы, пәтер тұрғындарға кезегі келгенде беріледі. Дегенмен қазіргі уақытта тұрғын үйге қатысты көптеген бағдарламалар бар, мүмкіндік көп», - деді ол.