Нұрсағатов: Байқоңыр ауданындағы тазалайтын аумақ көлемі – 16 миллион шаршы метр
«Көшелерге санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу – әкімдік аппаратының қатаң бақылауындағы жұмыстардың бірі. Аудан бойынша жалпы тазалайтын аумақ көлемі – 16 миллион шаршы метр. Ал аудандағы 216 көшенің жалпы ұзындығы 309,3 шақырымды құрайды. Байқоңыр ауданында 37 гүл бағы мен 1 саябақ орналасқан. Күн сайын 173 арнайы техникамен қамтылған 12 мердігер ұйым көшелерге санитарлық тазалық жүргізеді. Биылғы қыста полигонға 227 мың текше метр қар шығарылды. Ал тұрғын алаптарда 40 арнайы техника мен 80 жол жұмысшысы бар екі мердігер ұйым қызмет көрсетеді. Айта кету керек, «Қоянды» саяжай алқабына да санитарлық тазалық жүргізу үшін мердігер ұйым жұмылдырылды. Онда жыл бойы 400-ден аса адам, ал жазғы уақытта 1 500 адам тұрады», – деді ол.
-->