Есіл ауданындағы 407 ауланың 49-ы абаттандыруды қажет етеді - Жәкенов
«Аулаларды жөндеуде бұрын-соңды атқарылмаған жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың басым көпшілігі тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде жүргізіліп отырды. Жалпы, Есіл ауданының аумағында 407 аула бар болса, оның 49-ы абаттандыруды қажет етеді. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы ауданда 32 аула абаттандырылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Себебі оған дейінгі жылдары жылынм 5-6 ауладан ғана абаттандырылып келген. Сонымен қатар өткен жылы қоғамдық кеңістіктер салуда да жүйелі жұмыстар жүргізілді. «Үркерде» екі, «Пригородныйда» екі, «Тельманда» бір және қала шетіндегі аймақтарда тағы екі қоғамдық кеңістік пайда болды», - деді аудан әкімі.
-->