ТОП-5: Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданы тұрғындарының ең маңызды сұрақтарын атады
Елорда әкімі аудан тұрғындарын қызықтырған ТОП-5 мәселені атады. Олардың арасында: Абаттандыру және санитарлық тазалық - 72 сұрақ; Тұрғын үй мәселелері - 48; Жол-көлік инфрақұрылымы - 29 сұрақ; Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау объектілерін жөндеу және салу – 14 сұрақ; Газдандыру және интернетке қолжетімділік – 10 сұрақ; Сондай-ақ, әртүрлі санаттағы 173 сұрақ. Қала басшысы барлық сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
--> "Біз есеп беру кездесулерін бастадық. Бүгін Сарыарқа ауданының әкімі Есет Берікұлының қорытынды есеп беру кездесуі. Пандемияға және санитарлық дәрігерлердің талаптарына байланысты есеп беру кездесулері онлайн өтуде. Осыған қарамастан, біз Сарыарқа ауданының белсенді тұрғындарымен қысқа құрамда кездесулер өткіздік. Сонымен қатар, көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді. Бүгін айтылған барлық мәселелер бақылауға алынып, осы жылдың жұмыс жоспарына енгізілетін болады", - деді Алтай Көлгінов.Елорда әкімі аудан тұрғындарын қызықтырған ТОП-5 мәселені атады. Олардың арасында: Абаттандыру және санитарлық тазалық - 72 сұрақ; Тұрғын үй мәселелері - 48; Жол-көлік инфрақұрылымы - 29 сұрақ; Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау объектілерін жөндеу және салу – 14 сұрақ; Газдандыру және интернетке қолжетімділік – 10 сұрақ; Сондай-ақ, әртүрлі санаттағы 173 сұрақ. Қала басшысы барлық сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.