Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда дзюдо орталығы ашылды

Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров қатысты. «Бүгінгі ашылып отырған дзюдо орталығында 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар жаттығатын болады. Аталған спорттық көпфункционалдық кешен әлемдік стандарттарға сай. Осы жерде дзюдодан ҚР Ұлттық құрама команданың оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Халықаралық дзюдо федерациясымен бірлесіп, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар 3 қалада 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың дзюдо спортымен тегін айналысуына арналған 20 спорттық секция ашты. Федерация өз кезегінде спорттық залдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етті. Атап айтсақ, татами, кимоно беріліп,  дзюдодан жаттықтырушыларды берді. Қазіргі таңда Қазақстанда 2 582 секцияда 87 293 адам дзюдомен айналысады. Нұр-Сұлтан қаласында 63 секцияда 6 358 адам осы спортпен шұғылданады», - деп атап өтті ұлттық федерация президенті Қайрат Қожамжаров. Айта кетерлігі, жаңадан ашылған дзюдо орталығында 120-дан астам дзюдошы жаттығады. Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метрді құрайды. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал, орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.

-->