Тұрсынбек Қабатовтың әзілдерін қағазға түсірсең, оқылмайды – Көпен Әмірбек
Сонымен қатар ол театрлардағы комедия жанрының да тарих сахнасында қалып қойғанын айтты. «Қазақстанда бүгінде 54 драма театры бар. Бірақ қазір комедия бар ма? Жоқ. Сатиралық роман бар ма? Жоқ. Кезінде Есенжол Домбаевтар сатиралық роман жазған. Ол солармен кетті. Сатиралық романды былай қойғанда, сатиралық повестьер де жоқ қой тіпті. Мен «он сықақшы жабылып жүріп, Оспанхан Әубәкіровтің орнын толтыра алмайды» деп пікір айтқанмын. Бір Оспанханның өзі неге тұрады. «Соғыс және бейбітшілік» романын жазып біткенде Лев Толстой: «Енді орыс әдебиеті менен кейін біраз жылға демалады» деп айтқан екен. Сол сияқты қазіргі қазақ сатирасы Оспанхан Әубәкіровтен кейін, Сейіт Кенжеахметовтен кейін, кешегі дүниеден озған Үмбетбай Уайдиндерден кейін меніңше, демалып жатыр. Жаңа түскен жас келіннен сәби күтеміз ғой, аман-есен босанып алсын деп. Сол сияқты ендігі жас сықақшылардың анасының аяғы ауыр, олар әлі босанған жоқ», - деді сатирик. Оның айтуынша, күрес немесе басқа да спорт түрлері болмаса, әзіл-сықақшылардан, әншілерден шәкірт тәрбиелеу мүмкін емес. «Неге десең, о баста тумысынан солай тумағаннан кейін әкенің қанымен, ананың сүтімен даруы бір бөлек, ол уызынан жарымаса, оған ештеңе дарымайды деген сөз бар. Мен тәрбиелеген сықақшылардың көбісі зейнет жасына жетті. Олар о бастағы деңгейінде қалып қойды. Сен запорожецті қанша жерден майлап, маторын тазалап, жарысқа қосқанмен, оның маторы артында. Ол бүгінгі мерседесіңмен немесе басқа да көлікпен жарыса алмайды. Менің шәкірттерімнің көбісі сол запорожец деңгейінде қалып қойды. Өйткені олардың жаратылысынан маторлары сондай еді. Мықты сықақшыларды ешкім тәрбиелеген жоқ. Олар өздерінің бойында бар қасиет пен іздену арқылы өздерін өздері сүйреді. Қазақта «жетектеп қосқан ит түлкі алмайды» деген сөз бар. Түлкі ала алмайтын итті қашанғы айтақтайсың? Сол сияқты қаншама шәкірттерімізді дәріптеп, әрі қарай алып кетсін деп түймедей дүниені түйедей етіп көрсеттік. Бірақ бәрібір сол жетектегі тазы сияқты өз бетімен аң ауламайды. Ол үшін оны кінәлауға да болмайды. Өйткені оның болмысы солай. Қазіргі уақытта сықақшылардың ішінде мықты деп Мұхтар Шерімді ғана айтар едім. Оның өзі де бүгінде зейнеткерлікке шықты», - деді Көпен Әмірбек. Есесіне ол «Жайдарманның» жастарына көңілі толатынын жасырмады. «Ал көңілді тапқырлар клубы, соның ішінде «Жайдарманды» айтатын болсақ, онда жемқорлар туралы, басқа да саяси астарлы әзілдер көп емес, бірақ бар. «Жайдарман» – дән. Оны егіп жіберсе, жақсы өнім алуға болады. Сондағы «Сағыз» командасының әзілдеріне сүйсінесің. Бірақ олар «Жайдарманның» жеңімпазы болған соң көрінбей кетті. Кезінде 1972 жылы ешкім танымайтын Фишер деген шахматшы әлемнің небір мықтыларын тас талқан етіп жеңіп, гроссмейстер атанды. Бірақ әлем чемпионы болған соң жоқ болып кетті. «Сағыз» сияқты кейбір жақсы командалар әзілдің чемпионы болған соң сол жерден тоқтап қалады. Мысалы, «Байдың балалары» деген команда қандай жақсы еді. Қазақы дәстүрді дәріптеді. Олар да Фишердің күйін кешіп кетті. Жалпы, мен жастарды қолдаймын», - деді «Ара» журналының бас редакторы.
--> «Ресми дерек бойынша Қазақстанда 18 әзіл-сықақ театры бар екен. Басы – «Тамаша». «Тамаша» – қазіргі әзіл-сықақ театрларының барлығының атасы. Бәрі соған қарап еліктеп, соған қарап бой түзеді. Әрине, қазіргі әзіл-сықақ театрларында да сүбелі-сүбелі дүниелер бар. Бірақ бір май, бір ет деген сияқты бір ән, бір әзілмен формалық жағынан бірін-бірі қайталау бар. Ерекше болып әуелі «Шаншар» шықты. Ол таусылды. Оның алдында «Бауыржан-шоу» шығып, ол да тоқырады. Ал Тұрсынбек Қабатовтың әзіл-сықақтарын қағазға түсірсең, ол оқылмайды. Бір той басқарып жүрген асаба сияқты сөйлейді. Әрине, көрермен қабылдайды, күледі. Бірақ сықақшы деген жетекте болмауы керек. Керісінше, көрерменді жетектеуі керек. Қазіргі сықақшылардың көбі жетекте жүр. Күнделікті күйбің тірліктегі болымсыз дүниелерді, қазақы болмысты күлкі етеді. Біз онымен қайда барамыз?!» - деді Көпен Әмірбек Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатында.Сонымен қатар ол театрлардағы комедия жанрының да тарих сахнасында қалып қойғанын айтты. «Қазақстанда бүгінде 54 драма театры бар. Бірақ қазір комедия бар ма? Жоқ. Сатиралық роман бар ма? Жоқ. Кезінде Есенжол Домбаевтар сатиралық роман жазған. Ол солармен кетті. Сатиралық романды былай қойғанда, сатиралық повестьер де жоқ қой тіпті. Мен «он сықақшы жабылып жүріп, Оспанхан Әубәкіровтің орнын толтыра алмайды» деп пікір айтқанмын. Бір Оспанханның өзі неге тұрады. «Соғыс және бейбітшілік» романын жазып біткенде Лев Толстой: «Енді орыс әдебиеті менен кейін біраз жылға демалады» деп айтқан екен. Сол сияқты қазіргі қазақ сатирасы Оспанхан Әубәкіровтен кейін, Сейіт Кенжеахметовтен кейін, кешегі дүниеден озған Үмбетбай Уайдиндерден кейін меніңше, демалып жатыр. Жаңа түскен жас келіннен сәби күтеміз ғой, аман-есен босанып алсын деп. Сол сияқты ендігі жас сықақшылардың анасының аяғы ауыр, олар әлі босанған жоқ», - деді сатирик. Оның айтуынша, күрес немесе басқа да спорт түрлері болмаса, әзіл-сықақшылардан, әншілерден шәкірт тәрбиелеу мүмкін емес. «Неге десең, о баста тумысынан солай тумағаннан кейін әкенің қанымен, ананың сүтімен даруы бір бөлек, ол уызынан жарымаса, оған ештеңе дарымайды деген сөз бар. Мен тәрбиелеген сықақшылардың көбісі зейнет жасына жетті. Олар о бастағы деңгейінде қалып қойды. Сен запорожецті қанша жерден майлап, маторын тазалап, жарысқа қосқанмен, оның маторы артында. Ол бүгінгі мерседесіңмен немесе басқа да көлікпен жарыса алмайды. Менің шәкірттерімнің көбісі сол запорожец деңгейінде қалып қойды. Өйткені олардың жаратылысынан маторлары сондай еді. Мықты сықақшыларды ешкім тәрбиелеген жоқ. Олар өздерінің бойында бар қасиет пен іздену арқылы өздерін өздері сүйреді. Қазақта «жетектеп қосқан ит түлкі алмайды» деген сөз бар. Түлкі ала алмайтын итті қашанғы айтақтайсың? Сол сияқты қаншама шәкірттерімізді дәріптеп, әрі қарай алып кетсін деп түймедей дүниені түйедей етіп көрсеттік. Бірақ бәрібір сол жетектегі тазы сияқты өз бетімен аң ауламайды. Ол үшін оны кінәлауға да болмайды. Өйткені оның болмысы солай. Қазіргі уақытта сықақшылардың ішінде мықты деп Мұхтар Шерімді ғана айтар едім. Оның өзі де бүгінде зейнеткерлікке шықты», - деді Көпен Әмірбек. Есесіне ол «Жайдарманның» жастарына көңілі толатынын жасырмады. «Ал көңілді тапқырлар клубы, соның ішінде «Жайдарманды» айтатын болсақ, онда жемқорлар туралы, басқа да саяси астарлы әзілдер көп емес, бірақ бар. «Жайдарман» – дән. Оны егіп жіберсе, жақсы өнім алуға болады. Сондағы «Сағыз» командасының әзілдеріне сүйсінесің. Бірақ олар «Жайдарманның» жеңімпазы болған соң көрінбей кетті. Кезінде 1972 жылы ешкім танымайтын Фишер деген шахматшы әлемнің небір мықтыларын тас талқан етіп жеңіп, гроссмейстер атанды. Бірақ әлем чемпионы болған соң жоқ болып кетті. «Сағыз» сияқты кейбір жақсы командалар әзілдің чемпионы болған соң сол жерден тоқтап қалады. Мысалы, «Байдың балалары» деген команда қандай жақсы еді. Қазақы дәстүрді дәріптеді. Олар да Фишердің күйін кешіп кетті. Жалпы, мен жастарды қолдаймын», - деді «Ара» журналының бас редакторы.