Елорда жаңалықтары

Елордада «Амал» онлайн платформасы іске қосылды

Елордада «Амал» онлайн платформасы іске қосылды. Бұл туралы «Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ұлан Әбішев сөзінің басында жобаның неліктен «Амал» деп аталғанына тоқталды. «Қазақтың бұл сөзі біз жасағалы болып отырған амал, ниет, қарекетті меңгейді. Біз қалың бұқараға қайырымдылық мәдениетін құруға шақырамыз. Ересек азаматтар қазіргі атқарылып жатқан игі істер туралы айта отырып, өздерінің тәжірибесімен жастармен бөліссе дейміз. Оның үстіне қазіргі пандемия кезінде бұл тақырыптың маңыздылығы арта түсті. Дәл қазіргі уақытта біз бірге екенімізді, береке-бірлігімізді көрсетуіміз керек», – деді Ұ.Әбішов. Оның айтуынша, бұл жоба – қайырымдылыққа қатысты істерді стандарттап, жүйелеуге бағытталған процесс. «Расымен де біз қазір қайырмдылық қорлардың, ұйымдардың, қол ұшын созып жатқан адамдардың көп екенін көріп отырмыз. Бірақ осы ақпараттың бәрін жүйелеп отыратын ортақ алаң жоқ. Біз осы ақпараттың бәрінің бір жерге жиналып, санат бойынша бөлініп отыруы үшін арнайы сайт ашпақпыз. Бұл қайырымдылық жасаушыларға да, мұқтаж жандарға да өте ыңғайлы болады. Өйткені онда барлық байланыс нөмірлері көрсетіліп тұрады», – деді спикер.

-->