Медет Шотабаев пен Жанат Шыбықбаев Пуччинидің "Тоска" операсында дебют жасайды
Дж.Пуччинидің барынша драмалық шығармаларының бірі ХІХ ғасырдың басындағы Римдегі ахуалды дәл, жарқын әрі нақты сипаттайды. Оқиға орын алатын ғаламат храмдар мен сарайлар күні бүгінге дейін сақталған, бұлар – Сант-Андреа-делла-Валле базиликасы, Фарнезе палаццосы және Сант-Анджело қорғаны. Спектакль тарихи сюжетке ие: операдағы іс-әрекет 1800 жылдың маусым айында өрбиді, сол кезде Наполеон бастаған француз әскері Италияға күшпен кіріп, Римді басып алады, сөйтіп осында республика құрады. Туындыда бостандық үшін күрес, махаббат драмасы, қатігездік пен зұлымдыққа қарсы тұру тақырыптары қозғалған. Флория Тоска – опера кейіпкерлері ішіндегі жалғыз әйел. Оның жеке тұлғасы сан қырлы: нәзік әрі ерке, албырт, қызғаншақ, шексіз беріле сүйе алатын, қайсар әрі отаншыл жан.
Қызғаныш, сатқындық және өлтіру көріністерімен шимайланған музыкалық туындының желісі өте қайғылы. Драманың негізгі қатысушылары бірін-бірі өлтіріп, қаза табады. Ыза кернеген қызулықтан бөлек, бұл жерде Пуччинидің ғажайып әуенді дарыны мәнерлі көрініс тапқан: Каварадоссидің «Recondita armonia» және «E lucevan le stelle» ариялары, Тосканың «Vissi d’arte» ариясы әлі күнге дейін дүние жүзінде өнерсүйер қауымның жүрегінен орын алып келеді.
6 ақпан күні Каварадоссидің бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш сомдайды. Әнші Флория Тосканың бас партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина мен Маргарита Дворецкая орындайды. Ризница қызметкері – Шыңғыс Расылхан, Анджелотти – Болат Есімханов, Сполетта – Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Шарроне – Талғат Ғалеев, түрме қызметкері – Нұрлыбек Қоспармақов, Бақташы бала – Қанат Бақтияр.
- Біздің труппада тек өз сахнамызда емес, сонымен қатар көптеген шетелдік алаңдарда бірнеше мәрте зор жетістікпен өнер көрсетіп жүрген әртістер өте көп. Олардың шығармашылықтарын қазақстандық сыншылар мен музыкатанушылар қалай жоғары бағаласа, халықаралық мамандар – атақты дирижерлер мен опера режиссерлері де солай жоғары бағалаған болатын. Өз кезегінде, біз барлық солистердің театр қойылымдары мен концерттік бағдарламаларына көбірек тартылуы үшін бар күш-жігерімізді салып, өз репертуарымызды кеңейтудеміз, - деп атап өтті «Астана Опера» театры опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.
«Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді.
«Астана Опера» театрында аты аңызға айналған «Ла Скала» театрының сахналық редакциясындағы спектакльдің премьерасы 2014 жылғы 9 мамырда өтті. Қоюшы режиссер – Лука Ронкони. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов. Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.
Спектакльдердің басталуы сағат 19:00-де және 17:00-де.