Елорда жаңалықтары

Елорда мәслихаты мен К. Аденауэр атындағы қор жергілікті өзін-өзі басқару саласында ынтымақтасатын болады

Қ.Аденауэр атындағы Қордың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Йоханенес Раймен кездесуде елорда мәслихаты мен Германия астанасының заң шығару жиналысының өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мейманды мәслихаттың жұмысы мен құрылымымен, тұрақты комиссиялардың жұмысымен және атқарушы билік пен қала тұрғындарымен өзара іс-қимыл қағидаттарымен таныстырды. "Германияның ТКШ, экология, жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы кезінде технологияларды дамыту және басқа да мәселелеріндегі тәжірибесі бізге қызықты екенін атап өтті. Неміс тарапы қалалық даму саласындағы тәжірибені зерделеу үшін Германияның бірнеше қалаларының заң шығару жиналысына қатысуға шақырылды", - деді Ерлан Каналимов. Өз кезегінде Йоханнес Рай Қазақстанда жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мәселелері Қордың Қазақстандағы өкілдігінің қызметінде маңызды орын алғанын атап өтті. "2020 жылдың басында біз Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты делегациясының Германияға сапарын ұйымдастырдық. Бұл сапар азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқару процесіне тарту мәселелерінен басқа, қаланың тұрақты дамуы, құрылымдық өзгерістер және экономиканы әртараптандыру тақырыптарына арналды", - деді Рай. Айта кетсек, Қазақстандағы қор жұмысының басқа да басым бағыттары экология, саясат, энергетика, білім беру және журналистика мәселелері болып саналады. Елімізде Қор 2007 жылдан бастап ҚР Үкіметінің шақыруымен жұмыс істейді.

-->