Елорда жаңалықтары

Әлеуметтік желіні қалай пайдалану керек – Несіпбек Айтұлы желі қолданушыларына ұсыныс айтты (видео)

Желі арқылы жұртты теріс пиғылға шақыруға болмайды

Әлеуметтік желінің деңгейін, оның мәдени, әлеуметтік деңгейін көтеру керек. Көпшілік көрінген көпірме сөз жаза беретін болды. Ол кімге керек? Біріншіден, жұрттың уақытын алады. Әлеуметтік желі арқылы халықты теріс пиғылдарға жетелейтін сөздер де айтылуда. Мысалы, өткенде елге белгілі әншілер Түркияға көшіп барып, желі арқылы жұртшылықты да сонда көшуге шақырып жатыр. Ол сонда қандай патриотизм? Ұлттың әнін айтып, халықтың алақанында жүрген адамның айтатын сөзі ме ол?

Кейбір ақпаратты шығаруға тыйым салу керек

Әлеуметтік желілерде халыққа қажетті ақпараттар, әдеби, тарихи, тағылымды материалдар, жұрт үлгі алатын оқиғалар жарияланып отыруы керек. Не болса, соны салады. Жоқ, билікті, қоғамды сына. Бірақ келелі сөзбен, терең оймен, пайымды пікіріңмен сына. Отырып алады да, боқтайды. Біреудің жеке басына тиеді. Осындай жағдайлар жиілеп кетті. Өздері шетінен сауатсыз. Әрине, пайымды пікірін айтып жүрген сауатты сарапшылар да жоқ емес. Мен оларды айтып отырған жоқпын. Бірақ отырып алып, ауыздарына келген сөзді айтатындар көбейіп кетті.

***

Адамдық болмысымызға, ұлттың моральдік болмысына үлкен зиянын тигізіп жатыр осы әлеуметтік желілер. Сондықтан бұл әлеуметтік желілерге кейбір дүниелерді шығаруға тыйым салу керек сияқты. Жалпы, жариялайтын материалды сүзгіден өткізетіндей шара қолдану керек.

Дәстүрлі әндеріміз әлеуметтік желіден неге көрінбейді?

Оның есесіне, айтатын дүние көп қой. Мысалы, ұлттық әндеріміз, дәстүрлі әндер әлеуметтік желілерден көп көрінбейді. Соны неге насихаттамасқа? Біздің ұлттық тәрбие, салт-дәстүріміз бар емес пе? Осыны неге насихаттамасқа? Кезінде «Жамал апайдың әңгімесі» деген айдар бар еді. Сол сияқты Зейнеп Ахметова апайымыздың әңгімесін неге жариялап отырмасқа осы әлеуметтік желілер арқылы? Неге осы сияқты ұлтқа, халыққа, жастарымызға пайдалы бағдарламалар ұйымдастырып отырмасқа? Мысалы, бүлдіршіндерге әлеуметтік желі арқылы ертегі айтып отыратын бір адам жоқ па? Егер қазақтың ертегісін айтып отырса, балалар шетелдің мультфильмінен гөрі өзіміздің ертегілермен де сусындайтын еді ғой.

Көпшілік алдында боқауыз сөз айтудың қажеті қанша?!

Әйел адамдар отырып алып өсек айтады. Көйлек сатып алса, соны көрсетеді. Жалпы, не болса соны көрсетеді. Есесіне сол аналардың әрқайсысы әлеуметтік желі арқылы қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп отырса. Яғни біреуі ұлттық ою-өрнек жайлы өзінің білгенімен бөлісіп, басқаларға үйретіп отырса. Тағы бір ана «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, қыз балаларға тәрбие беретіндей өнегелі әңгіме айтып отырса. Осыны құзырлы органдар қолға алып, жүйелі түрде айналысуы керек сияқты.

***

Мысалы, мен әлеуметтік желілерге күнделікті бір өлеңімді жариялап отырамын. Сол сияқты жігіттерді батырлыққа, саятшылыққа баулитындай бір азамат күнделікті бір материал жариялап, жігіттің қандай болуы керектігі туралы аузы дуалы ақсақалдарымыздың бірі ұлағатты сөз айтып отырса. Болмаса бір ауыл ақсақалының аузынан шыққан сондай сөзді таспаға жазып алып, бір адам жариялап отырса. Желілерде боқауыз сөз айтудың қажеті қанша?! Бұл біздің мәдениетіміздің жұтаң екенін көрсетеді. Егер дұрыстап пайдалансақ, әлеуметтік желі - бір жағынан ұрпақты тәрбиелеуге жақсы құрал.

Жамандықты жариялай берсе, жұғып кетеді

Адам әлеуметтік желіге шықпас бұрын «Мен осыны айтсам, жұрт қалай қабылдайды? Жұртқа күлкі болмаймын ба? Осы жұртқа керек пе?» деп әуелі не айтатынын әбден ойланып алуы керек. Мысалы, қай өнер адамы босанбай жатыр? Үнемі оларды насихаттай бергенше, одан да 10 бала тапқан ауылдағы аналарымызды неге көрсетпеске?

***

Жалпы, жамандықты да жариялай беруге болмайды. Өйткені жамандықты жария қыла берсең, ол да коронавирус сияқты жұғып кетеді.

Әлеуметтік желіні ұлттың мүддесіне пайдалану керек

Әлеуметтік желіні ұлттың мүддесіне, ұлттың болашағына, жастарды тәрбиелеуге пайдалану керек. Әйтпесе өсек-аяң жұрттың уақытын алады. Жастар шаруасынан, балалар сабағын оқудан, ата-аналарына, үй шаруасына көмектесуден қалып барады. Сондықтан әлеуметтік желіні қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде жоғары оқу орындарында жастарға дәріс оқып, министрлік тарапынан үлкен кеңес өткізу керек сияқты. Сол туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиірек насихаттау керек. Өйткені жастар мазақ болудан, күлкі болудан өздері де ұялмайтын болып бара жатыр.

***

Баяғыда, теледидар болмаған кезде үйге ақсақалдар қонаққа келгенде тағылымды әңгіме айтатын. Сонда қонақ асы кезінде үй иелері де «ақсақал, әңгіме айтыңыз», - дейтін. Сонда қонақ: «көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?» - деп бастайтын. «Өзіңіз біліңіз, көргеніңізді де, естігеніңізді де айтыңыз», - дейтін. Ақсақалдар ғибрат болатын, тәлім болатын, сол әңгімені тыңдап отырған балаларға әсер ететін батырлар мен би-шешендер жөнінде, «жақсыдан үйренсін, жаманнан жиренсін» деген сыңайда біреудің жасаған жақсылығы мен енді біреудің жамандығы жөнінде айтушы еді. Егер үлкенді-кішілі болып тәлімді һәм тәрбиелі сөз айтып отырсақ, ұлтты тәрбиелеуде бұл әлеуметтік желілер – үлкен күш. Сондықтан да бұл құралдарды дұрыс пайдалана білейік, ағайын! https://www.youtube.com/watch?v=r5ctciDzv1U&t=50s

-->