Әлім Акимбаев шетелдік емес, отандық вакцинаны көбірек қолдануды ұсынды
«Еліміз коронавирустық пандемия басталғалы үлкен жолды еңсерді. Енді вакцинация кезеңі келіп жетті. Қазіргі уақытта вакцина өнімінің алғашқы партиясы да келді. Әрине, Ресейде өндірілген вакцинаның сапасы жоғары. Бірақ мен негізінен қазақстандық вакцинаны пайдалануды ұсынар едім. Себебі қазақстандық вакцинаны ұзақ тасымалдаудың қажеті жоқ. Оның үстіне, оны қарапайым тұрмыстық тоңазытқышта да сақтауға болады. Ал ресейлік вакцинаны минус 20 градуста сақтау керек. Әйтпесе оның сапасы мен ағзаға әсер ету жағы төмендеп кетеді. Бұдан бөлек, кейбір елдердің вакцинасын минус 70 градустық арнайы мұздатқыштарда сақтау керек. Сондықтан қазақстандық вакцинаның тиімділігі зор», - деді ол.
-->