Елорда жаңалықтары

KazAID пен MASHAV дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл әлеуеттерін талқылады

Сұхбаттасушылар дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы Қазақстан-Израиль іс-қимылының әлеуеті, соның ішінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. ҚР СІМ өкілі KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігінің құрылғаны және ДРК саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Израиль тарапына су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салалардағы жобаларды бірлесе іске асыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. «MASHAV» басшысы KazAID агенттігінің әлемде коронавирус пандемиясының таралуы кезінде құрылғанының аса маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның мұндай маңызды саладағы қызметі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, кездесуде «MASHAV» өкілдері дамуға ресми көмектің іске асырылу тетіктері мен агенттіктің қызметі туралы егжей-тегжейлі таныстырылым өткізді. Израиль тарапы Қазақстандық ДРК жүйесінің іс жүзіндегі институциялануын жоғары бағалай отырып, «MASHAV» Израиль жоғары дамыған ел болмаған кезеңде құрылғандығын атап өтті. Кездесу барысында Израиль тарапына болашақта ДРК саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды сапасы жағынан жаңа деңгейге көтеретін екі елдің агенттіктері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою ұсынылды. Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар ДРК саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға, соның ішінде тәжірибе алмасу, Ауғанстанда әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, өңір елдерінің жас кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған және басқа да бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

-->