Елорда жаңалықтары

ТОП-10: Әлемдегі ең қауіпсіз және ең қауіпті қалалар

Зерттеу порталы қалалар рейтингін шаһарлардағы бір жыл ішінде болған қылмыс санына қарай анықтады. Бұл рейтингке әлемнің 431 қаласы қатыстырылды. Сонымен өткен жылғы қылмыстық көрсеткішке сәйкес, әлемдегі ең қауіпсіз қала Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби болып шықты. Бұл қала аталған рейтингте осымен бесінші рет алғашқы орыннан көрініп отыр. Екінші орында Катар астанасы Доха қаласы болса, үшінші орынға Тайвань елінің Тайбэй қаласы, төртінші орынға Канаданың Квебек қаласы жайғасқан. Ал Швейцарияның Цюрих қаласы үздік бестікті қорытындылап тұрса, ең қауіпсіз қала ретінде алтыншы және жетінші орынды БАӘ-нің тағы екі қаласы еншілепті. Оның бірі – әлемдегі туризмі кеңінен өркен жайған Дубай қаласы. Сегізінші қауіпсіз қала ретінде Түркияның Эскишехир қаласы саналса, тоғызыншы болып Германияның Мюнхен қаласы танылды. Италияның Триест қаласы әлемнің ең қауіпсіз шаһарларының үздік ондығын түйіндеді. Ал әлемдегі ең қауіпті қалалар көшін Венесуэла астанасы Каракас бастаса, одан ілгерідегі орынды Жаңа Гвинеяның Порт-Морсби-Папуа қаласы иеленді. Содан кейінгі қауіпті қалалар болып Оңтүстік Африка елінің үш қаласы, яғни Претория мен Дурбан және Йоханнесбург қалалары саналды. Сондай-ақ Гандурастың Сан-Педро-Суласы, Оңтүстік Африканың тағы бір қаласы Питермарицбург, Бразилияның үш қаласы Натал, Форталеза, Рио-де-Жанейро қалалары ТОП-10 қауіпті қала қатарына енді. Айта кетсек, Numbeo халықаралық зерттеу порталы мұндай рейтингті жыл сайын жүргізіп тұрады.

-->