Сарыарқа ауданы аумағында жылы аялдамалар көбейтіледі
Мәселен, 2020 жылы жалпы ұзындығы 26,6 км болатын 49 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 11 көшеге инженерлік желілер жүргізу арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, биыл Абайдың 150 жылдығы, Ақан сері, Ә.Жангелдин сияқты көшелердегі жөндеу жұмыстары жалғастырылып, бұған қоса 16 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы ауданда тұрғындардың қолайлылығы үшін 4 маршруттың (№34, №319, №54, №120) сызбасын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында 328 аялдама нүктелері бар. Аудан әкімі жылы аялдамаларды көбейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті: «Былтыр 6 жылы жабық аялдама орналастырылса, биыл 10 жылы аялдама құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде 7-еуі ауданның тұрғын алаптарында орналастырылады».
-->Мәселен, 2020 жылы жалпы ұзындығы 26,6 км болатын 49 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 11 көшеге инженерлік желілер жүргізу арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, биыл Абайдың 150 жылдығы, Ақан сері, Ә.Жангелдин сияқты көшелердегі жөндеу жұмыстары жалғастырылып, бұған қоса 16 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы ауданда тұрғындардың қолайлылығы үшін 4 маршруттың (№34, №319, №54, №120) сызбасын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында 328 аялдама нүктелері бар. Аудан әкімі жылы аялдамаларды көбейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті: «Былтыр 6 жылы жабық аялдама орналастырылса, биыл 10 жылы аялдама құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде 7-еуі ауданның тұрғын алаптарында орналастырылады».