Елорда жаңалықтары

Сарыарқа ауданының әрбір төртінші тұрғыны шағын және орта кәсіп саласында жұмыс істейді

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша 198 жер телімі бөлініп, 192 павильон орнатылды. Сондай-ақ, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 11 шағын кәсіпкерлік субъектісі өтеусіз грант түрінде қолдау алды. Бұл ретте аудан әкімдігі белгіленбеген жерлерде жұмыс істейтін кәсіпкерлермен күрес жүргізуде. Өткен жылы белгіленбеген орындарда сауданың 231 фактісі анықталды. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өткен жылы ерекше өзекті болғаны белгілі. Сарыарқа ауданында Ақмола облысының азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен сатып алу үшін сауда нысанын салу жоспарлануда. Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді және «алаңнан үстелге дейін» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, базарларды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде оларды эстетикалық түрге келтіру жөніндегі жұмыстар жоспарланып отыр, бұл сауда көлемінің одан әрі өсуіне ықпал ететін болады.

-->