Елорда жаңалықтары

Сарыарқа ауданының әкімі қоғамдық орындардың қалай өзгеретіні туралы айтты  

Бүгінгі онлайн есеп беру кездесуінде аудан әкімі Есет Байкен: «Пандемия кезінде тұрғындар үшін ашық алаңдар мен  жасыл аймақтарға сұраныс артқаны белгілі. Көшелердің абаттандырылуы мен қайта жаңартылуы  тұрғындардың өз уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді.  «Нұр-Сұлтан -  жайлы қала» бас жоспарын іске асыру мақсатында Сарыарқа ауданының бірқатар көшелері мен қоғамдық кеңістері жаңа серпін алмақ»,- деді. Осылайша, биыл Республика даңғылы, Ж. Омаров және  Ә. Мәмбетов көшелірін қайта  жаңарту,  Самал шағын ауданында баскетбол алаңын, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының жанынан скейт алаңын, Ә. Мәмбетов көшесінің бойынан  көше кинотеатрын орнластыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Бейбітшілік көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер бульвары мен «Sine Tempore» СО алдындағы алаңды абаттандырып, субұрқақтар орналастыру қарастырылған. Сонымен қатар, есеп беру барысында ауданда былтырғы жылы үш алаң (сквер)  мен жалпы ауданы 15 га құрайтын «Көктал» саябағының салынғанын атап өтті. Аталмыш саябақта жыл бойы ауданның кішкентай тұрғындарына арналған  сауықтыру жоспарлары әзірленеді. Сондай-ақ, бұнда Saryarqa Jugyry сияқты мәдени-спорттық шаралар да өткізіледі.

-->