«Әкімшілік, рәсімдік процесстік кодекс»: Жаңа заң не үшін қабылданды
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуакасов онлайн брифингте «Әкімшілік әділет» туралы жаңа Заң туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 29 маусымында елімізде жаңа заң қабылданды. Ол «Әкімшілік, рәсімдік процесстік кодекс» деп аталады. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Жария-құқықтық дауларды реттеу керек» деді. Яғни мемлекеттік орган мен жеке адамның арасында болатын дауларда жеке тұлға құқықтық жағынан әлсіз болғандықтан, оларға қолдау көрсету үшін әкімшілік әділет жүйесін қалыптастырып, осындай жүйені енгізу керектігі туралы тапсырма берген болатын. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың қызметіне көңілі толмайтын жағдайлар кездесіп тұрады. Бірақ өкінішке қарай мұндай даулы мәселелерде жеке адамдардың құқықтары сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді. Бұған себеп осындай жария-даулы құқықтар Азаматтық, процесстік құқықтық кодексінің шеңберінде қаралады. Сол кезде Азаматтық, процесстік құқықтық кодексіне сәйкес, тараптар тең деп саналады. Алайда мемлекеттік органдардың әкімшілік аппаратының заңгерлер тобын жеке тұлғалармен салыстыруға келмейді. Сондықтан теңсіздіктер туындайды. Сол теңсіздікті болдырмас үшін осындай заң қабылданып отыр», - деді ол.
-->ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуакасов онлайн брифингте «Әкімшілік әділет» туралы жаңа Заң туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 29 маусымында елімізде жаңа заң қабылданды. Ол «Әкімшілік, рәсімдік процесстік кодекс» деп аталады. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Жария-құқықтық дауларды реттеу керек» деді. Яғни мемлекеттік орган мен жеке адамның арасында болатын дауларда жеке тұлға құқықтық жағынан әлсіз болғандықтан, оларға қолдау көрсету үшін әкімшілік әділет жүйесін қалыптастырып, осындай жүйені енгізу керектігі туралы тапсырма берген болатын. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың қызметіне көңілі толмайтын жағдайлар кездесіп тұрады. Бірақ өкінішке қарай мұндай даулы мәселелерде жеке адамдардың құқықтары сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді. Бұған себеп осындай жария-даулы құқықтар Азаматтық, процесстік құқықтық кодексінің шеңберінде қаралады. Сол кезде Азаматтық, процесстік құқықтық кодексіне сәйкес, тараптар тең деп саналады. Алайда мемлекеттік органдардың әкімшілік аппаратының заңгерлер тобын жеке тұлғалармен салыстыруға келмейді. Сондықтан теңсіздіктер туындайды. Сол теңсіздікті болдырмас үшін осындай заң қабылданып отыр», - деді ол.