Елорда жаңалықтары

АШМ көктемгі егін науқанына дайындық жүргізуде

ҚР АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп егіс алқаптарының болжамды құрылымын әзірлеуде және 2021 жылғы көктемгі егістік жұмыстарына дайындықты бақылауда ұстауда.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, биылғы 25 қаңтарда Қазақстанда 2,4 млн тонна тұқым, оның ішінде 2 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар тұқымы, 80 мың тонна майлы, 22,2 мың жем-шөп, 331,7 мың картоп тұқымы дайын.

Осылайша, тұқымдарды дайындау деңгейі 98 пайыздан асқан.

2021 жылғы егін науқанына облыс әкімдіктері 382 мың тоннаға жуық дизель отыны қажеттігін мәлімдеген. Бүгінде ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, әр облысты Мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесінің жобасын және егін науқанына дизель отынының бағасын анықтау мәселелері қарастырылуда.

Сондай-ақ, еліміз бойынша ауыл шаруашылығы техникасы паркінің құрамы мен жай-күйі туралы өзекті сандық-сапалық мәліметтерді жинау және талдау жүргізілуде.

-->