Елорда жаңалықтары

Мағзұм Мырзағалиев трансшекаралық өзен­дерге қа­тыс­ты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты

"Қазақстан географиялық тұрғыдан негізгі ірі өзендердің (Сырдария, Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Талас, Емел) төменгі ағысында, орналасқан. Сондықтан шекаралас елдердің, нақты айтқанда Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының су шаруашылығы саясатына тәуел­­діміз. Өзбекстанға қатысты айт­сақ, су шаруашылығы саласында Сырдария өзеніне бай­ланысты мемлекетаралық қа­тынас Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрік­менстанның Мемле­кетара­лық су ресурстарын пайдалануды бірлесе басқару және қорғау са­­ла­сындағы ынтымақтастық келісімімен реттеледі. Келісім аясында ведомствоаралық үй­лестіру су шаруашы­лығы комиссиясы жұмыс істейді. Сыр­­дарияның негізгі проблемасы – Кеңес Одағы кезеңіндегі су ресурстарын бөлу ережесінің бұзылуы. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекет бөлек саясатын ұстанып, көп жағдайда төменгі жақта орналасқан ел­дер­дің мүддесі ескерусіз қал­ды", - деді Мағзұм Мырзағалиев egemen.kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол осы сала бойынша Өзбекстанмен арадағы әріптестік туралы айтты. "Былтыр өзбекстандық әріптес­терімізбен су қатынастары сала­сын­дағы әріптестік туралы Жол картасына қол қойылды. Бұл барлық проблемалық сұрақ пен оның шешілу мерзімін қамтиды. 1991 жылдан кейін салынып, жаңғыртылған су шаруашылығы құрылыстарының бәрін аралап көрдік. Бұл – бұрын су балансында ескерілмей қалған қоймаларды анықтау үшін жасалған жұмыс. Айталық, Сардоба қу қоймасының құрылысы біз­бен келісілмей, оның қолданылуының қауіп­сіздігі тек өзбек тарапының құ­зы­рында болды. Қойманың қирауы біздің Өзбекстан Республикасымен ара қа­тынасымыздағы күрт «бұры­лысқа» алып келді. Өзбек тарапымен мұндай жағдайлардың болмауына тек бірлескен іс-қимыл арқылы ғана қол жеткізуге болады деген ортақ түсінікке келдік. Қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық су нысандарын бірлесіп бас­қару және пайдалану туралы үкі­метаралық келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Құжат 95 пайызға бекітіліп, осы мәсе­лені соңына дейін жеткізуге ниеттіміз", - деді ол. Сондай-ақ министр Қырғызстанмен 2000 жыл­дан бері мемлекетаралық қол­даныстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы Үкіметаралық келісім жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. "Қырғыз ағайындармен бізді Шу мен Талас өзендері бірік­тіреді. Бұл бағытта 2000 жыл­дан бері мемлекетаралық қол­даныстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы Үкіметаралық келісім жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары тиіс­ті су көлемінің 60-70 пайызын ғана алып отырмыз. Сол себепті Біш­кектегі әріптестерімізбен жиі кездесіп, вегетациялық кезеңде су нысандарында тәулік бойына кезекшілік қоямыз. Қазақстанға, әсіресе Шу өзені бассейнінде орналасқан мемлекетаралық каналдарға су беру мәселесі дұ­рысталады деп үміттенеміз", - министр. Оның айтуынша, су дипломатиясы бағытында жұ­мыс күшейіп, белсенді түрде жалғасады. "Қазақ­стан мен Ресей арасындағы су қатынастары 2010 жылы қол қойылған Транс­шекаралық су нысандарын бірге пайдалану және қорғау туралы келісіммен реттелетінін айта кету керек.­ Бұл орайда соңғы жылдары суы азайып бара жатқан Жайық өзенінің экологиялық жағдайы алаңдатады. Мемлекет басшыларының Омбыдағы Қа­зақ­стан мен Ресейдің XVI өңіраралық форумында берген тапсырмасына сәйкес, Жайық пен Ертіс өзендерін сауықтырудың бір­лескен бағдарламасы дайындалып, қабылданды. Бұған дейін атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзендерге гидрологиялық зерттеу жүргізу бойынша Жол кар­­­тасы қабылданды. Соның не­гізін­де Жайық өзенінің гидро­логиялық режімін зерттеу шаралары қарастырылған. Осы ретте өзен ағынының 90 пайызы Ре­сей Федерациясы аумағында қалып­тасатынын айта кеткен жөн. Со­нымен қатар өзендегі судың дең­гейі су тасқыны кезеңінде түсетін су көлеміне де тәуелді. Бір­лескен жұмыстың нәтижесі өзеннің жоғарғы сағасындағы су қоймаларының пайдалануға бе­рілуі мен Жайық өзенінің негізгі ағындары мен арнадағы тасқын кезеңіндегі «шарықтау шегін» біріктіру болмақ. Сонымен қоса Батыс Қазақстандағы Қараөзен мен Сарыөзеннің жағдайы алаң­даушылық туғызады. Бұл мәсе­лені ресейлік әріптестерімізге жет­кіздік. Нәтижесінде, өзендер­дің су шаруашылығы балансын есептеудің бірыңғай әді­сін жасауға келістік. Бұл ги­дро­ло­­гия­лық режімнің пробле­ма­ларын анықтауға және олар­дың жағдайын жақсартудың бірлес­­кен шараларын қабылдауға септігін тигізеді. Қазір жоғарыда орналасқан өзендерден судың келуін бізге қажет уақытта реттеу келісіміне қол жеткізуде қандай кедергілер бар екенін жіті зерттеуіміз керек. Сондықтан су дипломатиясы бағытында жұ­мыс күшейіп, белсенді түрде жалғасады", - деді М.Мырзағалиев.

--> "Қазақстан географиялық тұрғыдан негізгі ірі өзендердің (Сырдария, Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Талас, Емел) төменгі ағысында, орналасқан. Сондықтан шекаралас елдердің, нақты айтқанда Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының су шаруашылығы саясатына тәуел­­діміз. Өзбекстанға қатысты айт­сақ, су шаруашылығы саласында Сырдария өзеніне бай­ланысты мемлекетаралық қа­тынас Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрік­менстанның Мемле­кетара­лық су ресурстарын пайдалануды бірлесе басқару және қорғау са­­ла­сындағы ынтымақтастық келісімімен реттеледі. Келісім аясында ведомствоаралық үй­лестіру су шаруашы­лығы комиссиясы жұмыс істейді. Сыр­­дарияның негізгі проблемасы – Кеңес Одағы кезеңіндегі су ресурстарын бөлу ережесінің бұзылуы. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекет бөлек саясатын ұстанып, көп жағдайда төменгі жақта орналасқан ел­дер­дің мүддесі ескерусіз қал­ды", - деді Мағзұм Мырзағалиев egemen.kz-ке берген сұхбатында.