Елорда жаңалықтары

Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ҚР мемлекеттік наградасын табыстады

Кездесу барысында ТМД елдерінің халықаралық аренадағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар 2021 жылы болатын ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды пысықтады. Серіктестер ТМД, ҰҚШҰ және ЕурАзЭҚ шеңберінде бұрын қабылданған міндеттемелерді орындаудың, сондай-ақ коронавирус пандемиясымен және оның жағымсыз салдарларымен күресте бірлескен әрекеттер үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы басшылығының тапсырмасы бойынша Төтенше және Өкілетті Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы І дәрежелі "Барыс" орденін табыс етті. Жоғары дәрежелі "Барыс" ордені Сергей Лавровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.

-->