Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды
Жұптық кезең нәтижесі бойынша үшінші орынға Бекқлан Жамал - Ырысбек Артукметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал) жайғасты. Жұптық кезеңнің жартылай финалында ел чемпиондары күтпеген жерден Марат Суртубаев (Қарағанды) - Самат Бейсенов (Алматы) жұбына 2:3 есебімен есе жіберді. Әйелдер арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды) үшінші орын алды. Былтырғы Қазақстан чемпиондары Зәуреш пен Сарвинозды Ангелина Романовская (Павлодар облысы) - Анель Бақыт (Шымкент) жеңіп кетті. Ал аралас санат бойынша Сағантай Құрмамбаев (ШҚО) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды) қола жүлдегер атанды.
-->Жұптық кезең нәтижесі бойынша үшінші орынға Бекқлан Жамал - Ырысбек Артукметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал) жайғасты. Жұптық кезеңнің жартылай финалында ел чемпиондары күтпеген жерден Марат Суртубаев (Қарағанды) - Самат Бейсенов (Алматы) жұбына 2:3 есебімен есе жіберді. Әйелдер арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды) үшінші орын алды. Былтырғы Қазақстан чемпиондары Зәуреш пен Сарвинозды Ангелина Романовская (Павлодар облысы) - Анель Бақыт (Шымкент) жеңіп кетті. Ал аралас санат бойынша Сағантай Құрмамбаев (ШҚО) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды) қола жүлдегер атанды.