Мәжілісте VII шақырылым депутаттарының алғашқы жалпы отырысы өтіп жатыр
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты. Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етілді. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді.
-->«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты. Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етілді. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді.