Елорда жаңалықтары

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Дүйсенбаев көшесі 18 шілдеге дейін толығымен жабылады

Бабатайұлы көшесі жартылай, Дүйсенбаев көшесі толығымен 18 шілдеге дейін жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Дүйсенбаев көшесі бойынша Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толық тоқтату жоспарланған. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

-->