Пандемия кезінде жоғары оқу орындарының оқу ақысы неге төмендемейді – вице-министр жауабы
«Пандемия басталғалы бері оқыту процесі қашықтан жүргізіліп жатқанмен, білім беру мекемелері интернет платформаларға және басқа да қажетті қосымша шығындарды өтеп отыр. Сонымен қатар оқу процесі қашықтан жүргізілсе де, ғимараттарды күтіп ұстау шығындарына қаржы бұрынғыдай жұмсалып жатыр. Жалпы, оқу орындарының шығыны артпаса, кеміген жоқ. Соған қарамастан министрлік оқу ақысын көтермеу туралы пәрмен беріп, барлық оқу орындарындағы оқу ақысы еш өзгерген жоқ. Сондықтан оқу ақысын төмендету туралы мәселені көтермей-ақ қойған дұрыс», - деді Мирас Дәуленов.
-->