Елорда жаңалықтары

Әділет Тойбаев: БҒМ мен Ұлттық аударма бюросы арасындағы даулы мәселені сот шешеді

«Бұл жоба 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. Жоба аясында бірқатар әлемдік тілдердегі озық 100 оқулық қазақ тіліне тікелей аударылып, оқу орындарына таратылу қарастырылған. Жақында тиісті тексеріс жүргізу барысында министрлік пен Қор арасында жасалған шартта техникалық сипаттағы белгілі бір сәйкестіктер анықталды. Сондықтан біз міндетті түрде сотқа жүгінетін боламыз. Қор тарапы да сотқа жүгініп отыр. Жалпы, бұл мәселеге сот нүкте қоятын болады», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы facebook-тегі парақшасында министрлікті сотқа беретіндігі туралы жазған болатын.  

--> «Бұл жоба 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. Жоба аясында бірқатар әлемдік тілдердегі озық 100 оқулық қазақ тіліне тікелей аударылып, оқу орындарына таратылу қарастырылған. Жақында тиісті тексеріс жүргізу барысында министрлік пен Қор арасында жасалған шартта техникалық сипаттағы белгілі бір сәйкестіктер анықталды. Сондықтан біз міндетті түрде сотқа жүгінетін боламыз. Қор тарапы да сотқа жүгініп отыр. Жалпы, бұл мәселеге сот нүкте қоятын болады», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы facebook-тегі парақшасында министрлікті сотқа беретіндігі туралы жазған болатын.