Елорда тұрғыны сайлау учаскесінде жұмыстың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті
"№72 мектеп-лицейде екі сайлау учаскесі орналасқан екен. Өзімнің учаскемді тапқанша, мектепті біраз аралауға тура келді. Мен келгенде адам аса көп болған жоқ. Бұл учаскеде сайлау жақсы ұйымдастырылған екен. Кіреберісте қолымызды антисептикпен шайдық. Маскасыз келгендерге маска мен қолғап таратылды. Қолымызға екі бюллетень - қызғылт және көк түсті берді. Бір үстелде жағдайды бақылап, бес адам отырды. Бұл әр партияның бақылаушы-өкілдері болуы керек. Дауыс берген адамдардың арасында біраз қарт адамдарды көрдім. Олар немерелерімен сайлауға келді. Осы жағдай қуантты. Себебі, Қазақстан азаматы болған соң, азаматтық ұстанымды танытып, дауыс берген маңызды. Сол арқылы болашағымызды таңдайтынымызды түсінуіміз керек", - дейді Б.Бисенғалиева.
-->