Асхат Маемиров елордалықтарды дауыс беруге шақырды
«Бүгін, 10 қаңтар - еліміздің саяси өміріндегі ерекше маңызды оқиға, маңызды күн. Сондықтан бүгін мен таңертеңнен тұрып, осы өзіміздің учаскемізге келіп, үлкен міндетімізді, парызымызды орындадық деп есептеймін. Ет жүрегі ел деп соққан әрбір отандасымызды өзінің сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге шақырамын. Мен әрине өз таңдауымды жасадым. Себебі мен үшін елімнің тұрақтылығы қымбат, мен үшін елімнің ауызбіршілігі, тәуелсіздігі, мәңгілік ел болудағы әрбір қадамы мен үшін өте қымбат. Сондықтан сол еліміздің тұрақтылығы үшін дауыс бердім. Еліміздің кемел келешегі үшін дауыс бердім. Және бүкіл отандастарымызды дауыс беруге шақырамын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемиров.
-->