Елорда жаңалықтары

Елорданың сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді

Жаңадан үйлі болған ерлі-зайыптылардың пікірінше, ел үшін мұндай маңызды күні таңдау жасау — әркімнің азаматтық борышы. Сондықтан, үйлену тойының дайындығына қарамастан Фахат Жанбеков пен Ботагөз Калтаева учаскеге келуге шешім қабылдады. Осылайша, 10 қаңтар тек неке күні ғана емес, сонымен қатар алғашқы отбасылық сайлау күні ретінде де есте қалады. «Бүгін біздің өмірімізде екі есе маңызды күн. Еліміз үшін осындай айтулы күні отбасымыздың құрылғанына өте қуаныштымын», — дейді Ботагөз. Жас жұбайлар дауыс берген сайлау учаскесінде 2 706 адам тіркелген. Еске сала кетейік, елордада 283 сайлау учаскесі орналасқан. Барлық учаскелер дайын және қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр.

-->