Елорда жаңалықтары

Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында Балық шаруашылығы комитеті құрылды, деп хабарлайды Елорда Инфо министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саланың жеке ведомствоға біріктірілуі жақында қабылданған балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында Қазақстанның балық шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға аса мән беру қажеттігін айтқан болатын.

-->