SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінде өнер көрсететіні үшін алғыс білдірді
Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің алдағы 17 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясына арналған SCI-дің ’іс-шарасында өнер көрсететіні жарияланды. Дәстүрлі түрде іс-шараны 1956 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Д.Эйзенхауэр құрған бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – sister Cities International өткізеді. Бүгінгі таңда SCI әлемнің 130-дан астам еліндегі 2500-ге жуық қаланы біріктіреді. Жыл сайын ұйымға мүше мыңдаған азаматтар достықты нығайту, мәдени өзара түсіністікті тереңдету және бүкіл әлем бойынша демократия ілгерілету мақсатында ақпарат пен идеялар алмасады.
«Димаш, сізге ынтымақтастығыңыз үшін, бүкіл әлем бойынша адамдарды біріктіретін көпірге айналған керемет дауысыңыз бен талантыңыз үшін үлкен рақмет», – деді Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала.
SCI іс-шарасының тең төрағасы Кристина Варнке өз кезегінде Лерой Аллала мен Димаш Құдайбергенге олардың жұмысы мен өз істеріне деген адалдығы үшін алғыс айтты. Кристина Варнке музыкантқа арнаған сөзінде оған іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдіре отырып, барлығының бұл оқиғаны асыға күтетіндерін атап өтті.
-->Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің алдағы 17 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясына арналған SCI-дің ’іс-шарасында өнер көрсететіні жарияланды. Дәстүрлі түрде іс-шараны 1956 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Д.Эйзенхауэр құрған бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – sister Cities International өткізеді. Бүгінгі таңда SCI әлемнің 130-дан астам еліндегі 2500-ге жуық қаланы біріктіреді. Жыл сайын ұйымға мүше мыңдаған азаматтар достықты нығайту, мәдени өзара түсіністікті тереңдету және бүкіл әлем бойынша демократия ілгерілету мақсатында ақпарат пен идеялар алмасады.