Экотуризм дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылады – министр
«Қазіргі уақытта тиісті мастер-жоспарлар әзірленуде. Оларды жұртшылықпен талқылау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық парктер жанында Қоғамдық кеңестер құрылды. Алматы тобының Ұлттық парктерінде: Іле Алатауы, Шарын, Алтын Емел және Көлсай көлдерінде экотуризмді дамыту концепциялары әзірленіп, олардың презентациялары өткізілді. Бұдан басқа, қалған барлық ұлттық парктерде экотуризмді дамыту бойынша тиісті концепциялар әзірленуде. Министрлік Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік маршруттарға және экологиялық жолдарға рекреациялық жүктемені анықтау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеп жатыр. Жалпы алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмнің дамуы, ең бастысы, ел азаматтарының табиғатты қорғауға, туристерге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасауға, жергілікті тұрғындарды қызмет көрсету саласындағы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.
-->