Елорда жаңалықтары

Алексей Цой журналистерге алғысын айтты

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді тағы да эпидемиологиялық жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Себебі пандемия әлі де аяқталған жоқ. Вирусты әлі де жеңген жоқпыз. Сондықтан санитарлық және гигиеналық талаптарды барынша сақтап, өзіңіздің де, өзгенің де вирус жұқтыруынан сақтаныңыз», – деді ол.

Сонымен қатар министр журналистер қауымына алғысын айтты. «Барлық журналистерге, БАҚ өкілдеріне, редакторларға тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыруға көмектескендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Біз сіздермен министрліктің және басқа да медициналық ұйымдардың өкілдерімен осы алаңда 140-тан аса брифинг өткіздік. Оның 137-сі тек қана коронавирус тақырыбына арналыпты. 2 мыңнан аса сұраққа жауап берілді. 1 600 релиз екі тілде сайтымызда жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында 1000 пост жарияланды. Сол сияқты әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы 3-7 мың сұраққа жауап берілді», – деді А.Цой.

--> «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді тағы да эпидемиологиялық жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Себебі пандемия әлі де аяқталған жоқ. Вирусты әлі де жеңген жоқпыз. Сондықтан санитарлық және гигиеналық талаптарды барынша сақтап, өзіңіздің де, өзгенің де вирус жұқтыруынан сақтаныңыз», – деді ол.