Елорда жаңалықтары

Елорда полицейлері заңсыз саудаланған 1,5 мыңнан астам пиротехникалық өнімді тәркіледі

Осы жылдың 15 желтоқсанынан бастап елордада пиротехникалық өнімдердің заңсыз саудасын анықтау мен оның жолын кесуге бағытталған шара өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы базарлар, сауда үйлері, супермаркеттер мен санкцияланбаған, алайда пиротехника сатылуы мүмкін орындарға рейд жүргізді. Іс-шараның нәтижесі бойынша 1 438 пиротехникалық өнім тәркіленді. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті пиротехникалық өнімдерді арнайы белгіленбеген орындардан сатып алмауға және оларды қолдану ережесін қатаң қадағалауға кеңес береді. «Пиротехника талапқа сай сақталмаса немесе қолданылмаса және оны қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмаса, адамдар өміріне қауіп төнеді», - делінген хабарламада.

-->