ЕҰУ білім беру бағдарламаларының сапасы жағынан «Атамекен» рейтингісінде алдыңғы қатарда
«Атамекен» ҰКП деректері бойынша 2020 жылы зерттеу аясында 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылып, 68 мың түлектің жұмысқа орналасуына талдау жасалған. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам салалық сарапшылар жұмылдырылып, 108 университет бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды алынды. Сараптама нәтижесінде Еуразия ұлттық университетінің 21 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. Бірінші орында Биотехнология, Инженерлік жүйелер мен желілер, Шетел филологиясы, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Қоғаммен байланыс, Стандарттау және сертификаттау, Құрылыс, Техникалық физика сияқты білім беру бағдарламалары тұр. Екінші орында Сәулет, Сәулет дизайны, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Әлеуметтану, Туризм, Экология білім беру бағдарламалары. Көшбасшылықты Геодезия және картография, В057 – Информатика, Халықаралық қатынастар, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Есеп және аудит, Химия мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары аяқтайды. Айта кету керек, рейтинг нәтижесі «Түлектердің мансаптық болашағы», «Білім беру бағдарламасының сапасы» және «Білім алушылардың жетістіктері» негізінде 17 критерий бойынша анықталады. Сондай-ақ биыл Еуразия ұлттық университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша «ҚР ЖОО-ның Топ-20» бас рейтингісінде бірінші орынды еншілесе, Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО-ларының Ұлттық рейтингісінде екінші орынға ие болды.
-->«Атамекен» ҰКП деректері бойынша 2020 жылы зерттеу аясында 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылып, 68 мың түлектің жұмысқа орналасуына талдау жасалған. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам салалық сарапшылар жұмылдырылып, 108 университет бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды алынды. Сараптама нәтижесінде Еуразия ұлттық университетінің 21 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. Бірінші орында Биотехнология, Инженерлік жүйелер мен желілер, Шетел филологиясы, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Қоғаммен байланыс, Стандарттау және сертификаттау, Құрылыс, Техникалық физика сияқты білім беру бағдарламалары тұр. Екінші орында Сәулет, Сәулет дизайны, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Әлеуметтану, Туризм, Экология білім беру бағдарламалары. Көшбасшылықты Геодезия және картография, В057 – Информатика, Халықаралық қатынастар, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Есеп және аудит, Химия мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары аяқтайды. Айта кету керек, рейтинг нәтижесі «Түлектердің мансаптық болашағы», «Білім беру бағдарламасының сапасы» және «Білім алушылардың жетістіктері» негізінде 17 критерий бойынша анықталады. Сондай-ақ биыл Еуразия ұлттық университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша «ҚР ЖОО-ның Топ-20» бас рейтингісінде бірінші орынды еншілесе, Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО-ларының Ұлттық рейтингісінде екінші орынға ие болды.