Елорда жаңалықтары

Елордада бірнеше ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Тергеп-тексеру барысында оның желтоқсан айында ғана 5 рет ұрлық жасағаны анықталды. Ер адамның курткасын және Каспий банк картасын, жалпы құны 180 мың теңге тұратын екі велосипедті, әйел адамның курткасын, сөмке және қысқы аяқ киім ұрлаған. Аталған фактілер бойынша ер адам жасаған іс-әрекетін мойындады, сондай-ақ, ұрлаған заттарын сатып жібергенін, ал түскен ақшаны спирттік ішімдікке жұмсағанын айтты. Қазіргі кезде күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оның елорда аумағында осы секілді бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

-->