«Ауыл» партиясының мүшелері елордалықтармен кездесу өткізді
Арнайы өткен іс-шараға «Ауыл» партиясының аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі Өмірбек Жұмағұлов, сол сияқты Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Дінмұхамет Өтеев, Фархат Энгишев қатысты. Жиын барысында «Ауыл» партиясының көтерген мәселелеріне және олардың шешім жолдарына «Саянұрдағы» кәсіпкерлер де, базарға жиналған жұрт та ықылас танытты. Өз кезегінде Дінмұхамет Өтеев партияның бастамалары, кәсіпкерлерді қосылған құн салығынан босату туралы, ГМО құрамында тамақ өнімдерін өндіруге және өткізуге тыйым салу туралы пробелмаларды қаузап өтті. Ал Фархат Энгишев партия бастамаларының негізінде жатқан «азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заңының ерекшеліктерін қозғады. Айтуынша отандық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды және отандық аналогтар болған жағдайда импорттық өнімдерді мемлекеттік сатып алуға тоқтау салу мәселесін көтерді. Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтары күні елімізде Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
-->Арнайы өткен іс-шараға «Ауыл» партиясының аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі Өмірбек Жұмағұлов, сол сияқты Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Дінмұхамет Өтеев, Фархат Энгишев қатысты. Жиын барысында «Ауыл» партиясының көтерген мәселелеріне және олардың шешім жолдарына «Саянұрдағы» кәсіпкерлер де, базарға жиналған жұрт та ықылас танытты. Өз кезегінде Дінмұхамет Өтеев партияның бастамалары, кәсіпкерлерді қосылған құн салығынан босату туралы, ГМО құрамында тамақ өнімдерін өндіруге және өткізуге тыйым салу туралы пробелмаларды қаузап өтті. Ал Фархат Энгишев партия бастамаларының негізінде жатқан «азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заңының ерекшеліктерін қозғады. Айтуынша отандық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды және отандық аналогтар болған жағдайда импорттық өнімдерді мемлекеттік сатып алуға тоқтау салу мәселесін көтерді. Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтары күні елімізде Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.