ҚР СІМ: Эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге бара алмайтын қазақстандық студенттер қашықтан оқиды
Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды. Сондай-ақ, қашықтағы форматқа көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған. Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Біздің Елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке тәртіппен қаралатын болады.
-->Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды. Сондай-ақ, қашықтағы форматқа көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған. Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Біздің Елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке тәртіппен қаралатын болады.