Қорғаныс министрлігі: Армия спортшылары Олимпиадаға 14 лицензия алды
Бүгінгі күні орталық спорт клубының штаттық командаларын даярлау орталығының 138 нұсқаушы спортшысы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді. Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл жыл спорттық іс-шараларға бай болды. Оларға қатысудың арқасында армия спортшылары 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 14 лицензия жеңіп алды. Қысқы спорт түрлері бойынша 2022 жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар жеңіп алу үшін әлем кубогына іріктеуден сәтті өтуде. «Биыл армия спортшылары 18 республикалық және 11 халықаралық жарысқа қатысып, 45 алтын, 36 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды», – деп Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев атап өтті. Кеңес отырысында жыл қорытындысы бойынша көзге түскен әскери қызметші спортшылар, жаттықтырушылар мен команда бастықтары мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
-->Бүгінгі күні орталық спорт клубының штаттық командаларын даярлау орталығының 138 нұсқаушы спортшысы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді. Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл жыл спорттық іс-шараларға бай болды. Оларға қатысудың арқасында армия спортшылары 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 14 лицензия жеңіп алды. Қысқы спорт түрлері бойынша 2022 жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар жеңіп алу үшін әлем кубогына іріктеуден сәтті өтуде. «Биыл армия спортшылары 18 республикалық және 11 халықаралық жарысқа қатысып, 45 алтын, 36 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды», – деп Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев атап өтті. Кеңес отырысында жыл қорытындысы бойынша көзге түскен әскери қызметші спортшылар, жаттықтырушылар мен команда бастықтары мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.