Елорда жаңалықтары

Сенат бизнеске салынатын салық жүктемесін азайтуды талқылады

Іс-шара барысында сенаторлар экономиканың ең көп зардап шеккен секторлары үшін бөлшек салық енгізу, салық пен төлем көлемін азайту, сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру және бюджетті толықтыру үшін салық мөлшерлемесін дифференциациялау мәселесін қарады. «Біздің алдымызда кәсіпкерлер, жұмыс берушілер және барша азаматтар үшін салық міндеттемелерін жеңілдету, сондай-ақ, салықты әкімшілендіруді оңтайландыру міндеті тұр. Осыған орай сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдады. Соның нәтижесінде жаңа салық режимі – «бөлшек салық» енгізілді. Бұл салық карантиндік шаралардан зардап шеккен шағын және орта бизнес үшін 3 пайызды құрайды. Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін төмендетуге қатысты заңнамалық жұмыстар жалғаса береді», – деді Комитет төрағасы Ольга Перепечина. Сенат депутаттары мемлекеттік органдар және кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірге әлеуметтік салық пен төлемдерді біртұтас төлемге айналдыру үшін төлеудің бірыңғай базасын қалыптастыру мәселесін талқылады. Алғашқы кезеңде жаңа тәсілді тек микро және шағын бизнес субъектілері үшін енгізу ұсынылды. Сонымен бірге онлайн-кездесу барысында пандемия кезеңінде бағаның өсуін ұстап тұруға арналған шараларды ұзарту мәселесі де қаралды. Мұның алдында 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) 8 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі енгізілген болатын. Сенаторлар бұл шараны тұрақты негізге айналдыруды заңмен бекіту мәселелерін талқылады.

-->